AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Референдумның маңыздылығы мен мәні талқыланды

Референдумның маңыздылығы мен мәні талқыланды

АЭС: Референдум 25.09.2024, 10:39 964 Bakyt
Референдумның маңыздылығы мен мәні талқыланды
aes2024.kz

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб жұмысын Павлодар облысында жалғастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері Ақсу және Павлодар қалаларында болып, энергетикалық корпорация ұжымымен және металлургия саласының мамандарымен кездесті. Сонымен қатар, штаб мүшелері сарапшылар қауымдастығы мен белсенді жастармен де жүздесті. Кездесулер барысында АЭС салу мәселесіне қатысты алдағы референдумның маңыздылығы мен мәні талқыланды.

Еуразиялық энергетикалық корпорация және Қазақстан алюминийі компаниясы ұжымдарымен кездесулерде штаб мүшелері энергетика саласындағы өзекті мәселелерге, әсіресе электр энергиясының тапшылығы, электр стансаларының тозуы және импортқа тәуелділікке кеңінен тоқталды.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Қазақстан жан басына шаққандағы көмірқышқыл газын шығару бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірін алады. Осыған байланысты елімізде көміртегі қалдықтарын азайту үшін өндірісте инновацияны кеңінен енгізу маңызды. Ауаға көмірқышқыл газын аз шығаратын энергия көздерін пайдалану арқылы елдегі энергия тапшылығын шешу мәселесі өте өзекті болып отыр.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақұлдауымен 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында халықтық штаб құрылды. Оның құрамында депутаттар, партиялар, түрлі ұйымдар және ел болашағына бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар бар. Қазіргі таңда еліміздегі жұмыс істеп тұрған көмір электр стансаларының тозу деңгейі шамамен 70 пайызға жетті. Әрине, Қазақстан табиғи ресурстарға бай, бірақ олардың көпшілігі қалпына келмейтін ресурстар екенін ұмытпауымыз керек. Бұл ресурстар шексіз емес. Сондықтан елдің болашағын қамтамасыз ететін тұрақты және қауіпсіз энергия көзі қажет. Осы тұрғыда атом электр стансасы ұзақ жылдар бойы сенімді энергиямен қамтамасыз ете алатын әлеуетке ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәулен Әшімбаев #референдум #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);