AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді

Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді

Референдум - 2022 30.05.2022, 14:28 1,589
Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді

ҚР Парламенті сенаторлары Алматыдағы жоғары оқу орындарының ұжымдарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумды түсіндіру болды.


Бүкілхалықтық саяси науқан барысында сенаторлар Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне барды. Олардың қатарында депутаттар Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева, Талғат Мұсабаев, Нұртөре Жүсіп, Сұлтанбек Мәкежанов және референдумды қолдау жөніндегі қалалық штаб басшысы Рахман Алшанов бар.




Кездесуді ашқан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова референдумның тарихи маңыздылығын атап өтіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстанның демократиялық даму жолының жарқын үлгісі болып табылатыны туралы пікір білдірді. Ол оқытушылармен және студенттермен кездесуге арнайы келген қонақтарға алғысын жеткізді.
«ҚазИТУ ұжымы демократиялық өзгерістерді және мемлекет басшысының республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды. Бұл азаматтардың демократиялық процестерге қатысуы мен жаңа Қазақстанды құруы үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін нақты мүмкіндік. Референдумға келіп, өзгерістер мен елдің болашағы үшін дауыс беру қажет», - деп атап өтті ректор Гүлнар Әлібекқызы.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Олар сондай-ақ студенттерді маңызды саяси оқиғадан тыс қалмауға, референдумға келіп, дауыс беруге шақырды.
ҚазИТУ-ға сапары барысында сенаторлар ЖОО-ның жетістіктері мен қызмет бағыттарымен, оның техникалық және зертханалық базасымен танысты, сондай-ақ ұжымға еліміздің жаңа экономикасы үшін жоғары білікті мамандар даярлау ісінде табыс тіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);