Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Референдум – билік пен қоғам арасындағы уағдаласты...

Референдум – билік пен қоғам арасындағы уағдаластық - Жанар Санхаева

Әлеумет 01.05.2022, 05:32 1,153
Референдум – билік пен қоғам арасындағы уағдаластық - Жанар Санхаева
Cурет: Baq.kz

Референдум партиялық демократияның негізгі құралы


Қазақстанда Конституцияның үштен бір бөлігін өзгертуді көздейтін түзетулерді мақұлдау мәселесі бойынша конституциялық референдум өткізіледі.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанда Конституцияның үштен бір бөлігін өзгертуді көздейтін түзетулерді мақұлдау мәселесі бойынша конституциялық референдум өткізіледі. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарына сәйкес түзетулер көптеген жүйелі мәселелерге қатысты болады. Реформа шеңберінде биліктің барлық тармақтарының функцияларын оңтайландыру, олардың өкілеттіктерін өзара да, орталықтан бастап жергілікті басқару органдарына да қайта бөлу жүргізіледі. Бір айта кетерлігі, басқару формасы да өзгереді, суперпрезиденттік басқару формасынан Президент бірдей қашықтықтағы ойыншы ретінде қарастырылатын президенттік формаға көшіріледі деп жобалануда»,  – деді Жанар Санхаева. 



Сонымен қатар азаматтарды электоралдық мүмкіндіктер арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған сайлау ережелері өзгереді. Осылайша, конституциялық реформалардың мәселелері мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидаттары мен барлық азаматтардың мүдделерін қозғайтын болады. Сондықтан демократияландырудың одан арғы бағыттары туралы шешімді азаматтардың өздері қабылдауы маңызды.



«Референдум туралы шешімнің өзі Мемлекет басшысының қоғамдық шартты пішімдеу жөніндегі өз саясатын жалғастыруға деген бейілділігін растау болып табылады. Референдум партиялық демократияның негізгі құралы бола отырып, билік пен қоғам арасындағы әрекеттерді үйлестіру басты орынға қойылатын қоғамдық қатынастарды қайта құрудың маңызды актісіне айналады. Бір айта кетерлігі, Қазақстандағы соңғы және жалғыз референдум 1995 жылы өткізілді, сайлаушылардың 90,6% қатысуы жағдайында жаңа Конституцияға 90,0%-ы қолдау көрсетілді. Сондықтан да болашақ саяси модельді анықтауға бүкіл халықты кеңінен тарту тұрғындардың жүріп жатқан процестерге әсер етуінің шешуші факторы болады», – деді сарапшы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #сарапшы #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.