AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шық...

Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?

Заң мен тəртіп 11.01.2026, 16:16 1,069
Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?
Сурет: Polisia.kz

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия толық аяқталды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ауқымды шараның қорытындысын жариялап, қанша сотталушының тағдыры өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайдыaqshamnews.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап. 

Амнистия статистикасы

ҚАЖК мәліметінше, амнистия аясында соттар 15 970 ұсынысты қараған. Нәтижесінде жазасын өтеп жатқандар мен пробация есебіндегілердің бір бөлігі бостандыққа шықты.

Нақты сандарға тоқталсақ:

Түрмеден босатылғандар: Мекемелерден 2 мыңнан астам адам босап шықты (оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар бар).

Мерзімі қысқартылғандар: 11 мыңнан астам сотталушының жаза мерзімі азайтылды.

Пробация бақылауындағылар: Пробация есебінде тұрған 2 888 адам жазадан толық босатылып, тағы 7 600-ден астам адамның мерзімі қысқарды.

Кімдер босатылды және бақылау қалай жүреді?

Амнистия ең алдымен әлеуметтік осал топтарға бағытталды. Олардың қатарында:

• Кәмелетке толмағандар;

• Балалы және жүкті әйелдер;

• Мүгедектігі бар жандар мен қарттар бар.

Бостандыққа шыққандардың барлығы жеке полиция есебіне алынып, пробация қызметінің тұрақты бақылауында болады. Олардың қоғамға бейімделуі үшін жұмысқа орналасуға көмек, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілмек.

Кімдерге амнистия қолданылған жоқ?

Заң бойынша ауыр қылмыс жасағандарға кешірім жасалмайды. Амнистия келесі санаттағы адамдарға мүлдем таралмады:

1. Жемқорлар, экстремистер мен террористер;

2. Педофилдер;

3. Азаптау әрекеттерін жасағандар;

4. Қылмысты қайталап жасаған рецидивистер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#амнистия #кешірім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);