Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Рахат Fest-тің екінші отбасылық фестивалі өтеді

Рахат Fest-тің екінші отбасылық фестивалі өтеді

Әлеумет 20.05.2024, 19:29 941
Рахат Fest-тің екінші отбасылық фестивалі өтеді
интернет

Жиын биыл бір күн ғана болмақ.

Фестиваль 25 мамырда  "Біріншімамыр тоғандары" ("Первомайские пруды") саябағы аумағында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

25 мамыр күні сағат 13:00-ден 22:00-ге дейін  "Біріншімамыр тоғандары" саябағының аумағы сахнасы және  отыратын орындары мен әртүрлі тақырыптық аймақтары бар үлкен фестиваль алаңына айналады. Мұнда Рахат Fest отбасылық фестивалі ұйымдастырылады, ол биыл бір күн ғана өтеді. Бұл күні шараға 9 мыңға дейін қонақ келеді деген болжам бар, сондықтан орын саны да, интерактивтер де көп және қуатты лайн-ап  болады.

2024 фестивалінің тақырыптары:

·        Иван Бреусов және  «101» хиттары;

·        Kraim сиқыршы;

·        Akha;

·        «Мираж» тобының алтын дауысы: Маргарита Суханкина «Слово пацана» сериалындағы топтың аңызға айналған әндерін орындайды;

·        Wallem;

·        Shiza;

·        Hiro;

·        Hammali&Navai.

 

Полина АХМЕТОВА, ұйымдастырушы, CEO Sadu Media Group :

   "Рахат фестивалін өткізу  дәстүрге айналды. Екінші жыл бойы біз көктемді өткізіп, жазды керемет  көркем жерде - Біріншімамыр тоғандарында қарсы аламыз. Биыл мұнда барлығы – қонақтар да, музыка да, және интерактивтер де көп болады. Біздің команда Рахат Fest отбасылық фестивалін одан да жақсартуға тырысты, сондықтан дайындық бірнеше айға созылды. Бұл міндетті түрде көруге болатын фестиваль: мұнда Сіз ең қадірлі де құрметті  қонақтарды көресіз, дәмді тағамдар да,  драйвтық көңіл-күй де, таңғажайып Line-up  та осында! 

Саябақта 20 мейрамхана мен 10 бар жұмыс істейді , олар фестиваль қонақтарын әртүрлі тағамдармен, салаттармен, ыстық тағамдармен, десерттермен, сусындармен қарсы алады.

Тағамдар әртүрлі және дәмді.

Фестиваль аймақтары: food zone, kids zone, pop-up market, wellness&beauty, 21+, silent disco, photozone, activity.

Сондай-ақ, қонақтар брендтер ұйымдастыратын  ұтыс ойындары мен іс-шараларға қатыса алады.

Фестиваль алаңына автобустар Алматыдағы Балауан Шолақ атындағы Спорт сарайынан (Байтұрсынов көшесі бойындағы, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы тұрақ) Біріншімамыр тоғандарына дейін қатынайтын болады.

Қалаға оралатындарды  автобустар  Біріншімамыр тоғандары тұрағында күтеді.

Автобус кестесі:

·        қаладан: сағат 12-де, сағат 13-те, сағат 14.30-да;

·        қалаға : сағат 22.00-де , 22.30-да.

Автобустар локацияға толуы бойынша шығады. Барып - қайту трансферінің құны 1 адамға - 3500 теңге. Билеттерді операторлардан алдын-ала сатып алу керек.

12 жасқа дейінгі балалар үшін ата-аналарымен кіру тегін (әрбір  ата-ана өзі үшін билет сатып алады, балалары болса, өзімен бірге кіргізу үшін  жасын растау үшін әр баланың туу туралы куәлігі болуы керек).

Аумаққа сырттан әкелінген сусындармен, тағамдармен кіруге тыйым салынады!

18+ жасқа толған азаматтар  ата-ана сүйемелдеуінсіз кіре алады. 

Фестиваль қонақтары үшін биотуалеттер орнатылады, аумақты  кәсіби қорғаныс қызметі күзетеді, іс-шара өтетін күні шомылуға қатаң тыйым салынады.

Билеттерді  zakazbiletov.kz сатып алуға болады.

Қосымша ақпарат  алу мен  аккредиттелу үшін Марина Гяуроваға

8 777 364 19 33 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рахат Fest #отбасы #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.