AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге...

Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Заң мен тəртіп 04.03.2026, 16:55 690
Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?
Сурет: GOV.kz

Интернет кеңістігінде радикалды діни ағымдардың үгіт-насихаты күшейіп отыр. Бұл туралы теолог, Алматы қаласы Дін істері басқармасының жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының директоры Руслан Қайыргелді мәлімдеді.

Маманның айтуынша, экстремистік топтар әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформаларда жабық қауымдастықтар құрып, әсіресе жастарды нысанаға алады. Бұған діни сауаттылықтың төмендігі мен әлеуметтік мәселелер әсер етеді.

«Бүгінде интернет – бақылауы қиын орта. Радикалды идеялар ашық әрі жасырын түрде таралады. Сондықтан сақ болу қажет», – дейді сарапшы.

Сонымен бірге ол Қазақстан Жаһандық терроризм индексінде 100-орында екенін атап өтті. Бұл елдегі террористік қауіптің төмен деңгейін көрсетеді. Дегенмен ақпараттық кеңістіктегі үгіт-насихат бәсеңдеген жоқ.

Алдын алу үшін не істеу керек?

Сарапшының пікірінше, ең алдымен халықтың діни сауаттылығын арттыру қажет. Мектептер мен жоғары оқу орындарында дінтану бағытындағы ағартушылық жұмыстар күшейтілуі тиіс. Сонымен қатар отбасы институтын нығайту маңызды, өйткені ажырасу деңгейінің жоғары болуы да жастардың осалдығын арттырады.

Сондай-ақ интернеттегі мазмұнға тұрақты мониторинг жүргізіп, радикалды материалдарды бұғаттау қажет. Бұған қоса, сапалы балама контент — подкасттар, ақпараттық сайттар, теологтардың қатысуымен ашық диалог алаңдарын дамыту ұсынылады.

Манипуляция тәсілдері

Радикалды ағым өкілдері адамдарды тарту үшін эмоциялық қысым, қорқыныш пен кінә сезімін пайдаланады. Кейде «шындықтың жалғыз көзі» ретінде өздерін таныстырып, жылдам шешім немесе материалдық игілік уәде етеді. Кейбірі адамның жеке өмірін, қаржысын бақылауға дейін барады.

Маман азаматтарды күмәнді, жабық топтардан аулақ болуға, сыни ойлауды дамытуға шақырады. Діни сұрақтар туындаса, тек ресми әрі білікті теологтар мен имамдарға жүгінген дұрыс.

«Адам шынайы жауап іздесе, оны күмәнді желілерден емес, білімді мамандардан табуы керек», – дейді Руслан Қайыргелді.

Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#радикализм #алдын алу #үгіт-насихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);