Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қызықты дуэттер: Балаларды қорғау күніне орай өтке...

Қызықты дуэттер: Балаларды қорғау күніне орай өткен концерт алматылықтарды несімен таң қалдырды?

Әлеумет 01.06.2024, 15:06 861
Қызықты дуэттер: Балаларды қорғау күніне орай өткен концерт алматылықтарды несімен таң қалдырды?
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті.

Концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалды және би командалары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Концерт "Сармат" ансамблінің хореографиялық нөмірінің сүйемелдеуімен "Бозторғай" хорының орындауында “Болашақ” балалар әнұранымен басталды. Содан кейін танымал артистер мен жас таланттардың дуэт болып өнер көрсетті.

"Славян базар" байқауының жеңімпазы, жас вокалист Шерхан Арыстан кішкентай Қарлығашпен бірге "Туған жер" әнін қосылып орындады.

 "Бүгін осында болғаныма және барлық Алматы тұрғындары үшін осы керемет жазғы демалыс - Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде өнер көрсеткеніме қуаныштымын", - деді әнші.

Атақты күйші, Қазақстанның халық артисі Айгүл Үлкенбаева жас Ықыласпен бірге Құрманғазының әйгілі "Адай" шертті. Ол талантты жастармен әрқашан өнер көрсетуге дайын екенін айтты.

“Жас ұрпақтың қазақ халық өнеріне деген қызығушылығына ризамын. Бұл біздің музыканың болашағы бар екенін көрсетеді", - деді Айгүл Үлкенбаева.

Скрипкашы Алуа Мақанованың "Мәрмәр" жетіген ансамблімен бірігіп орындағы "Қарлығаш" классикалық туындысы әсерлі шықты. Ал кішкентайынан танылған Ержан Максим  "Арманыңнан қалма" әнімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бақытты балалық шақ туралы әнімен Айгүл Үлкенбаева, Жігер Ауыпбаев, Алмас Кішкенбаев, Элизат Берікова, АРТ Сlassic тобы, Шаба Оразхан және Сәкен Майғазиев жастарға қолдау көрсетті. Әйгілі "Қазақ қыздары" әнін КешYOU тобы жас трио Алсу Ұлыхановамен, Айрис Құлбаева және София Балғазинамен бірігіп айтты.

"Барлығын халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бүгін мен осы сахнада болып, бірге өнер көрсетіп, тәжірибемді бөліскеніме қуаныштымын. Шығармашылық жолда бұл өте маңызды", - деді Алмас Кішкенбаев.

"Біз бақытты баламыз" әнін концертке қатысушылар бірігіп орындап, артынша бағдарлама балалардың шығармашылық ұжымының өнерімен жалғасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қорғау күні #мереке #Концерт #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.