Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес...

Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімі беріледі

Әлеумет 18.01.2023, 03:50 1,727
Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімі беріледі
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл бастама республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады.


17 желтоқсанда Қызылода облыстық мәслихат сессиясында республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәслихат депутаттарына осы күнге дейін өңірлік ономастика комиссиясының отырыстарында қолдау тапқан тиісті басқармалардың ұсыныстарын жеткізді.


Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің, ал Сырдария аграрлы-техникалық колледжіне Балдырған Мұстапаеваның есімін беру ұсынылды. Аталған бастамалар сессия отырысында қолдау тауып, алдағы уақытта республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кеңес Дүйсекеев – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 200-ден астам шығарманың, оның ішінде "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің авторы. Оның әндерін Роза Рымбаева,  Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова сияқты әншілер орындап жүр.


 "Гүлдер" ансамблінің, "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, "Қазақ теледидары" музыка редакциясының бас редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.


 Еңбектегі табыстары үшін "Құрмет",  "Парасат" ордендерімен,  "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері" төсбелгісімен марапатталған.


Кеңес Дүйсекеев 2020 жылғы 9 шілдеде өмірден өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеңес Дүйсекеев #Филармония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.