AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қызылағаш су қоймасы жаңартылып, пайдалануға беріл...

Қызылағаш су қоймасы жаңартылып, пайдалануға берілді

Әлеумет 24.09.2025, 09:21 715 dulatbekova
Қызылағаш су қоймасы жаңартылып, пайдалануға берілді
Сурет: Gov.kz

Биыл Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылағаш су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын сәтті аяқтады.

Жобаның аясында су тасқыны кезінде артық суды жіберуге арналған арна нығайтылып, жаңа су қабылдау тораптары салынды,- деп хабарлайды Aqshamnews.kz 

Жаңғырту нәтижесінде нысанға заманауи бақылау датчиктері, автоматтандырылған мониторинг жүйесі және жергілікті хабарландыру жүйесі орнатылды. Сыйымдылығы 42,6 миллион текше метр болатын қойма енді 6 680 гектар егістік алқабын тұрақты түрде сумен қамтамасыз ете алады.

Сала мамандарының айтуынша, бұл жоба өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына оң ықпал етіп қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға да септігін тигізеді.

«Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырған болатын. Осы бағытта 2023 жылы гидротехникалық нысандарды түгендеу жүргізіліп, нәтижесінде су саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Бұл жоспар 160-тан астам іс-шараны қамтиды, оның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және 37 қолданыстағы нысанды реконструкциялау қарастырылған. Қызылағаш су қоймасын жаңғырту — осы кешенді жұмыстың маңызды бөлігі. Бұл жоба Жетісу облысының ауыл шаруашылығына серпін беріп, тұрғындарды су тасқыны қатерінен қорғауға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қайта жаңғырту жұмыстары — еліміздегі су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Алдағы уақытта министрлік су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қызылағаш #су қоймасы #жаңғырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);