ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Қызыл пияз - мықты антиоксидант

Қызыл пияз - мықты антиоксидант

Керек кеңес 02.03.2025, 17:15 1,197
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
Сурет ЖИ
Жасымық (чечевица) өсімдік ақуызына, темір мен фолий қышқылына бай. Оны суға шылап қоюдың керегі жоқ, тез дайындалады. Жасымықты тұрақты пайдалану қандағы қант деңгейін ұстап тұрады.

Жасымық (чечевица) өсімдік ақуызына, темір мен фолий қышқылына бай. Оны суға шылап қоюдың керегі жоқ, тез дайындалады. Жасымықты тұрақты пайдалану қандағы қант деңгейін ұстап тұрады. 

Қызыл пиязда кверцетин бар, ол қабынуды төмендетіп, иммунитетті нығайтатын мықты антиоксидант. 

Көкөністі пісіргенде пайдалы заттары жойылып кетеді деген сөз жалған. Әрине, кейбір дәрумендер (мысалы, С) жоғары температурада жойылады, есесіне басқа пайдалы заттар жеңіл сіңіріледі. 

Піскен сәбізде бета-каротин көбірек болады, ал қызанақ пісірілген кезде ликопинге байиды, ол өте жақсы антиоксидант. 
Көкөністерді буға пісіргенде нәрлі заттары көбірек сақталады. 
Сондықтан, көкөністерді шикілей де, пісіріп те жеген дұрыс.

Зәйтүн майы (бірінші суық сығымдалудан өткен) полифенолға бай, онда жасушаны қабынудан қорғайтын және жүрекке пайдалы антиоксиданттар бар. 
Зәйтүн майын тұрақты қолдану жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады, тамыр серпімділігін арттырады. 

Фундук жаңғағында Е дәрумені, магний мен пайдалы майлар көп. Ол миға жақсы. 

Ашытылған қырыққабатта С дәрумені көбірек және ішекке пайдалы пробиотиктер бар. 

Қара зире құрамында тимохинон бар, ол мықты антиоксиданттық қасиетке ие. Қара зирені жиі пайдаланып жүрсе, иммунитет нығаяды, қандағы қант құрамын реттейді. 

Баялды (баклажан) құрамында  насунин бар. Ол ми жасушасын зақымданудан қорғайды, жүйке жүйесіне пайдалы. 

Сүт ағзадағы кальцийді жояды деген жалған.    
Зерттеулер бойынша, сүт және сүт өнімдері – кальцийдің көзі. Ол сүйекке қажет, остеопороздың алдын алады. Әрине, әр нәрсенің өлшемі бар. 
Тек қана лактозаны көтере алмайтын немесе сүт ақуызына аллергиясы бар адамдар сүтті пайдалануға болмайды. Ондай жағдайда, кальцийі бар көкөністерді, күнжіт, бадамды рационға қосу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.