Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қызыл кітапқа енген құстар неден өлді?

Қызыл кітапқа енген құстар неден өлді?

Әлеумет 25.04.2022, 06:27 2,309
Қызыл кітапқа енген құстар неден өлді?
thebestescapes.com

Мамандар Маңғыстауда қоқиқаздардың өлу себебі туралы болжамын айтты


Маңғыстау облысында өлген қоқиқаздардың табылуына қатысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«24.04.2022 жылы Facebook әлеуметтік желісінде Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денелері құм арасында жатқаны түсірілген бейнежазба таралған. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары жедел түрде барып, анықтау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық ПБ-нің қызметкері Бейнеу ауданының аумағындағы Сам құмы және оған іргілес жатқан аумақтарды шолу жұмыстарын жүргізуде», - делінген Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы таратқан хабарламада.



Ведомство бұл оқиғаға қатысты өз болжамын да жасаған.



«Соңғы кездерде Маңғыстау облысының аумағында дауыл соғып, күн желді болып тұр. Жыл құстарының миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Осындай қолайсыз ауа райында құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін. Бұл аумақта су көздері жоқ. Құстар табылған жағдайда, ветеринарлық дәрігерлер тарапынан тиісті сынамалар алу жұмыстары жүргізіледі», - деп мәлімдейді табиғат қорғаушылары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#маңғыстау #қоқиқаз #мамандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.