ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Қызыл» болсаң, құрбан шала алмайсың

«Қызыл» болсаң, құрбан шала алмайсың

Әлеумет 15.07.2021, 15:07 2,022
«Қызыл» болсаң, құрбан шала алмайсың
Сурет: Gov.kz
Оған қоса, «сары» мәртебесі бар азаматтар да құрбандық шалу орындарына кіргізілмейді.

Оған қоса, «сары» мәртебесі бар азаматтар да құрбандық шалу орындарына кіргізілмейді.


Биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда ASHYQ мобильді қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы хабарлаған ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғардың айтуынша, ең басты талап – малдың  шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау.



«Сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Аshyq мобильді қосымшасы іске қосылады. Атап айтқанда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі», - деді Ершат Оңғар.



Осы ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстардың әкімдіктері Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, ҚМДБ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлерінде Аshyq мобильді қосымшасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.



«Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуге тиіспіз. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың барынша құрбан малын шалатын орындарға баруын шектеуге шақырамыз. Қазіргі уақытта қасапханаға қойылатын тәртіп жоғары. Оны ұдайы бақылап, келушілермен арадағы байланысқа жіті мән беруіміз керек. Ең бастысы, малдың шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау қажет», - деді Ершат Оңғар.



Айта кетейік, 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. «Сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтсе, «қызыл» аймақтарда пандемия жағдайында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес, qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде құрбан шалынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.