ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / QYZPU СТУДЕНТТЕРІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ...

QYZPU СТУДЕНТТЕРІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН СУҒАРУ ЖҮЙЕСІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Әлеумет 25.04.2025, 21:19 707
QYZPU СТУДЕНТТЕРІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН СУҒАРУ ЖҮЙЕСІН ОЙЛАП ТАПТЫ
QYZPU
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері су ресурстарын үнемді пайдалануға арналған инновациялық жобаны іске қосты. Олардың «Автоматтандырылған суғару жүйесі» стартапы оқу...

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері су ресурстарын үнемді пайдалануға арналған инновациялық жобаны іске қосты. Олардың «Автоматтандырылған суғару жүйесі» стартапы оқу ордасында өткен салтанатты шара барысында ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл жоба  – QyzPU базасында екі жылдан бері өткізіліп келе жатқан Demoday «Startup Tomiris» байқауының жемісі. 2024 жылы аталған конкурста І орынды иеленген стартаптың авторлары – Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 3-курс студенттері Динара Булкунбек пен Әмина Иманова.

Информатика кафедрасының аға оқытушысы әрі жобаның ғылыми жетекшісі Жұлдыз Базаева бұл жүйенің басты мақсаты – тұрақты даму қағидаттары аясында экологиялық және технологиялық тиімді шешім ұсыну екенін атап өтті. Ал жоба авторлары жүйенің техникалық ерекшеліктерімен таныстырып, оның жұмыс істеу алгоритмдерін жан-жақты түсіндірді.

Автоматтандырылған құрылғы бірнеше негізгі компоненттен тұрады: ауа температурасы мен ылғалдылығын өлшейтін сенсор, топырақ ылғалдылығының датчигі, су сорғысы мен соленоидты клапандар. Жүйе ауа райы мен топырақ жағдайына қарай дербес жұмыс істейді, ал басқару арнайы әзірленген мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады. Қосымша Android және iOS платформаларында қолжетімді. Онда өшіріп-қосу, қолмен және автоматты режимдер қарастырылған.

«Жүйе толықтай автоматтандырылған. Егер топырақ құрғап кетсе, сенсорлар арқылы бұл туралы сигнал түсіп, суғару процесі өздігінен басталады. Мұндай жүйе әсіресе уақыты шектеулі адамдар үшін өте тиімді», – дейді жоба авторлары.

Суғару жүйесімен қатар гүлзарларды көркейту және климаттық жағдайларға бейімделген суару тәртібі де енгізілді. Бұл бастама табиғатты қорғау шараларына үлес қосып қана қоймай, экологиялық мәдениетті дамытуға да ықпал етті.

Жобаның тағы бір маңызды жетістігі – оған авторлық құқық куәлігінің алынуы. Бұл стартаптың инновациялық әлеуетін растайтын маңызды қадам.

Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай жобаның болашағына сенім білдіріп, оның мемлекеттік деңгейде кеңінен қолданылатынына үміт артты. Сонымен қатар, ол мұндай бастамалар студенттердің практикалық дағдыларын нығайтып, оларды нақты проблемаларды шешуге бағыттайтынын атап өтті..

 

.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,308 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.