ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / QyzPU Horizon Europe бағдарламасының жеңімпазы ата...

QyzPU Horizon Europe бағдарламасының жеңімпазы атанды

Білім және ғылым 05.02.2026, 14:48 251
QyzPU Horizon Europe бағдарламасының жеңімпазы атанды
Сурет: жасанды интеллект
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Еуропалық одақтың ең ірі ғылыми-инновациялық бастамасы – Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті. Бұл жетістік...

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Еуропалық одақтың ең ірі ғылыми-инновациялық бастамасы – Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл жетістік қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Аталған жеңіс аясында университет HUMAN-AI атты халықаралық ғылыми жобаның консорциумына ресми түрде қосылды. Жоба жасанды интеллекттің білім беру, ғылым және қоғамға әсерін ескере отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңа жаһандық талаптарға бейімдеуге бағытталған.

HUMAN-AI жобасының негізгі мақсаты – жоғары білім беруде жасанды интеллектті этикалық, адамға бағдарланған және жауапты түрде қолданудың кешенді моделін әзірлеу. Жоба шеңберінде AI-ға бейімделген инновациялық оқыту стратегияларын дамыту, академиялық ортаға сай soft skills жүйесін қалыптастыру, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарымен үйлестіру көзделген. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты адамгершілік құндылықтармен және жауапты пайдаланумен ұштастыру, технологиялық өзгерістер жағдайында білім берудегі «адам факторын» сақтау мәселелері зерттеледі.

HUMAN-AI – халықаралық деңгейдегі ауқымды жоба. Консорциум құрамына Польша, Эстония, Португалия, Нидерланд, Словакия, Украина, Түркия, Қазақстан, Таиланд және Бразилия елдерінен жетекші ғылыми және білім беру ұйымдары енген. Қазақстан тарапынан жобаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы басқарады.

Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық ғылыми қауымдастықтағы позициясын нығайтып, еліміздің жоғары білікті кадрлық әлеуеті мен ғылыми әзірлемелері бар сенімді ғылыми-технологиялық серіктес ретінде танылып отырғанын дәлелдейді.

Айта кетейік, бұл – Horizon Europe бағдарламасы аясында Қазақстаннан мақұлданған екінші жоба. Аталған жаңалық еліміздің еуропалық ғылыми кеңістікте тек қатысушы ғана емес, толыққанды әрі сенімді серіктеске айналып келе жатқанын көрсетеді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.