ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / QyzPU делегациясы Asia Hub Annual Meeting 2025 сам...

QyzPU делегациясы Asia Hub Annual Meeting 2025 саммитіне қатысты

Алматы 20.10.2025, 16:07 523
QyzPU делегациясы Asia Hub Annual Meeting 2025 саммитіне қатысты
Сурет: QyzPU баспасөз қызметі
2025 жылдың 29–30 қыркүйегінде QyzPU делегациясы Индонезияның Богор қаласында өткен Asia Hub Annual Meeting 2025 халықаралық саммитіне қатысты.

2025 жылдың 29–30 қыркүйегінде QyzPU делегациясы Индонезияның Богор қаласында өткен Asia Hub Annual Meeting 2025 халықаралық саммитіне қатысты.

Ауқымды шара IPB University базасында ұйымдастырылып, осы жылдың басты тақырыбы «ТДМ 4 және сапалы білім беру саласындағы жаһандық әріптестік» болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Университет атынан Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, PhD доктор Салтанат Жакубаева және Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ақгүл Жұбандыкова қатысты.

Саммит білім беру саласындағы аймақтық және жаһандық сарапшыларды, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және университет өкілдерін біріктірді. Қатысушылар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты 4 (SDG 4) шеңберінде инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолдарын талқылады.

Іс-шараны Мичиган мемлекеттік университетінің (Michigan State University) Білім беру колледжі ұйымдастырды. Серіктестер қатарында UNICEF Indonesia, SEAMEO STEM білім беру орталығы және Universitas Padjadjaran университетінің Тұрақты даму мақсаттары орталығы бар.

Екі күнге созылған саммит барысында қатысушылар аймақтық білім саясатының басым бағыттарын саралап, үздік тәжірибелермен бөлісті. Сонымен қатар Азиядағы білім беруді трансформациялау және тұрақты ынтымақтастық қауымдастығын құру мәселелері көтерілді.

Қазақстан атынан сөз сөйлеген Салтанат Жакубаева жоғары білімнің интернационалдануы, цифрлық трансформация және әйелдердің академиялық көшбасшылығы тақырыптарында тәжірибе бөлісті.

«Бұл саммит – тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік бағыттарын белгілеуге арналған маңызды платформа. Цифрлық білім беру мен инклюзия бағыттарында жетекші университеттермен байланыс орнату – біз үшін үлкен мүмкіндік», – деді Салтанат Жакубаева.

Бұл шараға қатысу университеттің халықаралық ықпалдастықты арттыруға, инновациялық білім беру тәжірибесін дамытуға және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге белсенді атсалысуға деген ұмтылысын көрсетеді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.