ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / QyzPU-да қоғам қайраткері  Оразкүл Асанғазықызының...

QyzPU-да қоғам қайраткері  Оразкүл Асанғазықызының жаңа кітабының таныстырылымы өтті

Мәдениет 27.02.2025, 17:41 702
QyzPU-да қоғам қайраткері  Оразкүл Асанғазықызының жаңа кітабының таныстырылымы өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, QyzPU түлегі Оразкүл Асанғазықызының «Отбасы берекесі» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп...

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, QyzPU түлегі Оразкүл Асанғазықызының «Отбасы берекесі» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

Айтулы шараға университеттің ректоры Гүлмира Қанай, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер, қоғам қайраткерлері, Оразкүл Асанғазының туыстары, достары және замандастары қатысты.

 

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне ректоры Гүлмира Қанай, жазушы, педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың аяулы ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева, заң ғылымдарының докторы Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойгелді Мәмбет Құлжабайұлы қатысып, кітаптың қызыл лентасын қиды.

 

Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы – қоғамда өз орны бар, ұлттың тілі, дәстүрі және мәдениетін сақтау жолында белсенді қызмет етіп келе жатқан көрнекті тұлға. Бұл кітап жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы берекесін сақтау және ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттілігін түсіндіру мақсатында жазылған.

 

«Мен алғашында «Отбасы берекесі» тақырыбында дәріс оқып жүрдім. Кейін осы дәрістерімді жинақтап, кітап етіп шығардым. Кітап үш тараудан тұрады: «Отан отбасынан басталады», «Отбасы берекесі махаббатта», «Ел бүгіншіл, менікі  ертең үшін...». Яғни, дәрістерімде қолданған әңгімелерімді өз өмірлік тәжірибеммен сабақтастырып жаздым. Кітаптың ең басты ерекшелігі – оның өміршеңдігі. Ол отбасы құруды жоспарлаған жастарға да, өмірдің талай белесін артқа тастаған қарияларға да арналған»,-деді Оразкүл Асанғазықызы.

«Отбасы берекесі» кітабы – ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін маңызды еңбек. Кітапта қазақ отбасындағы тәрбиенің маңызы, ата-ана рөлі, ұрпақтар сабақтастығы және отбасындағы берекенің сақталуы туралы ойлар мен ұсыныстар қарастырылған.

 

«Кітапты оқып шықтым. Болашақ жастар үшін нағыз бағдаршам десем, артық айтқаным емес. Кітапты оқи отырып, авторымен сұқбаттасып отырғандай әсер алдым. Кейбір өмірлік сұрақтарыма осы туынды арқылы жауап таптым. Қазақтың тектілік мәселесі тереңінен талқыланған құнды еңбек. Баршаңызға оқуға кеңес беремін!»,-деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Айсұлу Кенжан Молынбайқызы.

 

Кеш барысында кітаптан үзінділер оқылып, автордың ойлары мен туындысының негізгі идеялары талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар кітаптың өзектілігі мен отбасы тәрбиесінің қазіргі қоғамдағы орны туралы пікір алмасып, рухани жаңғыруды қамтамасыз ету жолдары жайлы сөз қозғады.

Оразкүл Асанғазықызының «Отбасы берекесі» кітабы – отбасы құндылықтарын насихаттайтын құнды туынды. Бұл кітап тек жастарға ғана емес, отбасылық өмірдің мәнін тереңінен ұғынғысы келетін әрбір жанға арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.