AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсиди...

Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсидия беріледі

Әлеумет 23.02.2023, 10:11 1,094 Almaty-akshamy.kz. 
Қызметкерлеріне үй салып берген кәсіпкерге субсидия беріледі
Сурет: BAQ.KZ

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Заң жобасы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді мақсат тұтып отыр. Заң кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және осы үдеріске пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін белсенді тартуға бағытталған.



Заңда кондоминиум объектісін басқарудың жеке нысанын – тікелей бірлесіп басқару нысанын құру көзделеді. Бұл нысан пәтерлер саны он алтыдан аспайтын тұрғын үйге қатысты қолданылады. Жай серіктестік құру үшін де пәтерлер санын шектеу ұсынылады. Ол отыз пәтерден аспайтын тұрғын үйлерде құрылуы мүмкін. Қалған көппәтерлі тұрғын үйлер үшін мүліктің меншік иелері бірлестігі нысаны қолданылуы тиіс. Заңда ауылда, кентте өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізіледі. Бұл норма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылда жалға берілетін үйлер салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігін ендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді, - деп атап өтті Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев. 



Заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында талқылау барысында комитеттердің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған Заңға мына бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады:


- егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып табылса, онда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысы қолданылмайды деген норма енгізіледі;


- бюджет қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етуді ескере отырып, тиісті хаттаманы ресімдеу арқылы осы кіреберіс тұрғындарының шешімі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кіреберістерінің біріндегі лифтіні бюджет қаражаты есебінен ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі;


- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке иеліктен шығаруға тыйым салынады;


- орынтұрақ орындарының және қоймалардың меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланады;


- көппәтерлі тұрғын үй тіркелген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз ету міндеті регламенттеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үй салып #Қызметкерлері #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);