ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Қызметкер қыздың үстіне ыстық май төгілді: оқиға т...

Қызметкер қыздың үстіне ыстық май төгілді: оқиға туралы не белгілі?

Оқиға 28.07.2025, 17:14 564
Қызметкер қыздың үстіне ыстық май төгілді: оқиға туралы не белгілі?
Видео кадры
Threads әлеуметтік желісінде Астанадағы донер сататын орындардың бірінде қызметкер әріптесінің үстіне ыстық майды төгіп жіберген сәт түсірілген видео тарады. Бұл оқиға желіде қызу талқыланып...

Threads әлеуметтік желісінде Астанадағы донер сататын орындардың бірінде қызметкер әріптесінің үстіне ыстық майды төгіп жіберген сәт түсірілген видео тарады. Бұл оқиға желіде қызу талқыланып жатыр, - деп жазады Aqshamnews.kz.

Не болды?

Видеодан қызметкер ыстық май құйылған ыдысты алып шыққаны көрінеді. Бір сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, ыдыс төңкеріліп, май екінші қызметкердің үстіне құйылады.

Пост авторы оқиға салдары өте ауыр болғанын жазады. Оның айтуынша, компания зардап шеккен қызметкердің жарақаты үшін жауапкершілік алмаған.

"Оның бүкіл арқасы іріңдеп жатыр. Компания жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді. Бұл - сұмдық. Мүмкін, тері ауыстыру операциясы қажет болатын шығар", – делінген жазбада.

Компания не дейді?

Желіде видео кең тарап кеткен соң, оқиғаға қатысты компания ресми пікір білдірді. 

Мекеме мәлімдемесінде зардап шеккен қыздың еміне ақы төленбеді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп көрсетілген.

"Оқиға расымен де шамамен бір ай бұрын біздің дәмханалардың бірінде болған. Бұл өте жағымсыз жағдай – қызметкердің үстіне абайсызда ыстық май төгілген. Біз бірден барлық қажетті көмекті көрсеттік, зардап шеккен қыздың ата-анасымен кездестік, ем-домына ақы төледік және өтемақы бердік", – делінген Instagram парақшасындағы мәлімдемеде.

Еңбек министрлігі мен полиция не дейді?

Tengri Life тілшілері бұл жағдайға байланысты Еңбек министрлігіне және Астана қалалық полиция департаментіне сұрау салған.

"Егер жұмыстағы жазатайым оқиғадан кейін зардап шеккен адам өзіне ем-дом шығындары немесе өтемақы төленуі керек деп санаса, бірақ жұмыс берушімен келісімге келе алмаған жағдайда, тұрғылықты мекенжайы бойынша еңбек инспекциясына жүгінуі қажет. Әрбір жағдай жеке қаралады", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.