AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қытайлық компанияның жұмысшылары наразылыққа шықты

Қытайлық компанияның жұмысшылары наразылыққа шықты

Әлеумет 13.04.2022, 09:40 1,323
Қытайлық компанияның жұмысшылары наразылыққа шықты
z-taraz.kz

"10 сағаттық режимде жұмыс істейміз. Жалақымыз оған татымайды", - дейді жұмысшылар.


Жамбыл облысында «Меркі-Бурылбайтал» тасжолының құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компанияның жұмысшылары жалақыны арттыруды талап етіп, наразылық білдіруде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Наразы еңбеккерлердің айтуынша, соңғы үш жыл бойы қытайлық компания ең төменгі жалақы төлеп келген. Еңбек жағдайларын жақсартуды да талап етіп отырған 80-нен астам жұмысшы жұмысқа шығудан бас тартқан.



«10 сағаттық режимде жұмыс істейміз. Жалақымыз оған татымайды. Мұндай жағдайға шыдамайтынымызды екі айдан бері айтып жүрміз. Мұнда тіпті арнайы киім де жоқ», - дейді жұмысшы Мергенбай Дабылов әріптестерінің атынан сөз алып.



Республикалық маңызы бар тасжолдың бұл бөлігін қытайлық «Синьсин» компаниясы салып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған десек, мұнда қазір 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтыған. Компания өкілі жұмысшылардың айлығы 60 және120 мың теңге аралығында екенін айтады.



«Біз жобаны 2017 жылғы бағамен алдық. Қазір өзіміз де шығынға батып жатырмыз. Құрылыс заттарының құны да еселеп өсті. Сол себепті жалақыны көтере алмай отырмыз», – деген «Синьсин» құрылыс және дамыту компаниясы» ЖШС бас инженері Цюань Ицюань мәселені 3 күннің ішінде өздерінің басшылықтарымен ақылдасып, көретіндерін жеткізді.



Осыған орай Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров компания басшылығымен арнайы кездескен.



«Компания басшылығы үш күн ішінде қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралатынын айтты», - дей келе, ол жұмысшыларды сабырлыққа шақырды.



Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары шамамен 90 пайызға аяқталған. Келер жылға дейін толығымен аяқталып, көлік қозғалысы ашылады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл #Жолсалу #Жұмысшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);