ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қытайлық жас зерттеушілер Сәтбаев университетінде...

Қытайлық жас зерттеушілер Сәтбаев университетінде тәжірибе алуда

Білім және ғылым 15.11.2024, 11:04 991
Қытайлық жас зерттеушілер Сәтбаев университетінде тәжірибе алуда
Сурет: Gov.kz
Сәтбаев университетінің Ө.А.Байқоңыров атындағыТау-кен металлургия институтында «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша Қытай Халық...

 Сәтбаев университетінің Ө.А.Байқоңыров атындағыТау-кен металлургия институтында «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасынан келген бес докторант білім алуда.

Цюй Чжуанчжуан, Гао Лили, Лю Цзинцзин, Го Сяохун және Ли Цзя «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасында білім алып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ғылым және жоғары білім минитрлігіне сілтеме жасап.

Жас ғалымдар ағынды суларды тазарту үшін инновациялық материалдарды пайдалану, нано- және композиттік материалдарды, сондай-ақ экология мен өндірістегі заманауи технологияларды зерттеулермен айналысуда. Олар оқу мен зерттеу жүргізу үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін және Қазақстан, Қытай, Малайзия, Польша және Ұлыбританиядан келген жетекші ғалымдардың басшылығымен жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін университетке алғыстарын білдірді.

     - Қазақстанға келгеніме бір ай ғана болса да, біз көптеген жаңа достар тауып, уақытты қызықты өткіздік. Келешекте көміртегі негізіндегі материалдарды синтездеп, оларды энергия сақтау жүйелерінің барлық түрлеріне қолдануды жоспарлап отырмын. Бізге қолдау көрсеткен топ мүшелеріне алғысым шексіз, әсіресе PhD докторлары Қыдыр Асқарұлы мен серіктесім Елризаға ризашылығымды білдіремін. Қытай мен Қазақстан арасындағы достығымыз нығая берсін деп тілеймін! - деді Шаньдун провинциясынан келген 1-курс докторанты Лю Цзинцзин.

Жас ғалым қазақстандық және британдық жетекшілердің басшылығымен «Электрохимиялық энергияны сақтау құрылғылары үшін жоғары тиімді электродтық материалдарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын әзірлеуде.

Қытайдан келген тағы бір докторант Цюй Чжуанчжуан да «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» мамандығы бойынша 1-курста оқып жүр. Ол Сәтбаев университетінің профессоры Азат Сейітхан мен Малайзиядан келген профессор Нұр Набих Юсуфтың жетекшілігімен «Наномагниттік цеолитті алу және оның нанопластиктерінің адсорбциялау қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.