Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қытайдың цифрлық экономикасы 7 трлн. доллардан аст...

Қытайдың цифрлық экономикасы 7 трлн. доллардан асты

Әлеумет 09.06.2023, 07:39 989
Қытайдың цифрлық экономикасы 7 трлн. доллардан асты
Сурет: ашық дереккөз

Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде екінші орында тұр.


Жылдың аяғына дейін жоғары технологиялық компаниялардың саны 80 мыңнан асады. Бұл 5G технологиясын кеңінен ендірудің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңашылдық интернеттің түрлі салада дамуына екпін берді. Әсіресе «тұрмыстық заттар» интернеті құрылғылар арасында өзара мәлімет алмасуға жол ашты. 5G жүйесін пайдаланушылардың 60 процентінен астамы Қытайда тұрады, деп жазды 24.kz Олардың саны 600 миллионға жетеді. Елде ұялы байланыстың бесінші буынының 2 миллион 700 мыңнан аса станциясы салынған. Жылдың аяғына дейін тағы да алты жүз мыңын орнату жоспарда бар. 



- 3G технологиясы бізге Apple әкелсе, 4G-дың арқасында такси шақыру мен үйге тағам мен өзге тауарды жеткізу қызметтерін қолдана бастадық. Ал 5G – алып кәсіпорындармен байланыс орнатты. Байланыстың бесінші буынын түрлі мақсатта пайдалануға болады. Маңыздылардың бірі - тұрмыстық заттар интернеті. Бұл өнеркәсіп пен заттар интернетінің үйлесіп, бүкіл саланы цифрландыруға зор мүмкіндік берді. Сондықтан 5G тұрмысымызға, өндіріске, мемлекет дамуының барлық салаларына оң әсер етті.  Компаниялар өз өндірісіне цифрлық технологияларды қарқынды ендіріп жатыр. Бұл өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі, дейді ғылым мен технологиялар саласында қызмет көрсететін компания өкілі Цзи Пэнфэй.


- Цифрлық өндіріс зауыттарға өніміділігін арттыруға, адам еңбегінен шығынын азайтуға және сапасын арттыуға көмектеседі. Яғни бүкіл кәсіпорынның тиімділігі артады. Мысалға осы зауыттың өнімділігі 128 процентке өсті. Оған қоса ауаның ластануын азайтты. Өткен жылы Қытайда цифрлық экономиканың үлесі 40 проценттен асқан болатын. Ел билігі 2019 жылы 5G технологиясын қолдануды қолдаған. Қазір байланыстың осы түрі саланың 67 процентінде бар. Енді шағын мен орта бизнесті жаңашылдыққа тарту көзделіп отыр, деп өз пікірін білдірді ақылды технологиялар өндірісі саласындағы компания өкілі Цин Шаохуа.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #цифрлық #Экономикасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.