AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайдың оңтүстігінде қатты су тасқыны болды

Қытайдың оңтүстігінде қатты су тасқыны болды

Әлем 23.06.2022, 06:42 1,264
Қытайдың оңтүстігінде қатты су тасқыны болды
Сурет: BBC

Өзендегі су соңғы 50 жылдағы рекордты деңгейге жетті.


Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында төтенше жағдайдың жоғары деңгейі жарияланды. Кейбір аудандарда өзендегі су соңғы 50 жылдағы рекордты деңгейге жетті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Bbc.com сілтеме жасап. 


Синьхуа агенттігінің дерегі бойынша, келген шығын мөлшері 470 миллион юань немесе 70,2 миллион доллар болған, 40 мыңнан астам гектар егістік жер жоылған. 


Өзге де өңірлерде нөсер толастамай тұр. Елдің оңтүстігі мен шығысындағы 5 провинция мен автономиялық аудан жапа шеккен. Қатты жауған жаңбыр мен су тасқыны кесірінен лай көшкіндері жүрді. Құтқарушылар күні-түні тынбай жұмыс істеп жатыр. Жалпы осындай жағдай жыл сайын қайталанып жүр және мамандардың пікірінше ахуалдың жақсаратын түрі жоқ.



«Көптеген зерттеулер ыстық күшейе беріп, үлкен аумаққа тарайтынын көрсетті. 2050 жылға дейін аптап ыстық кезеңдері болатын жердің ауданы төрт есе артуы мүмкін. Сол кезге дейін нөсер жауатын аудан да екі есе артады. Климаттың өзгеруіне қауіп төніп тұр, мұны қазірдің өзінде сезіп тұрмыз», – деді Мемлекеттік климат орталығының директоры Чао Цинчэнь. 



Айта кетсек, бұл қатерге төтеп беру үшін Қытайда алғаш рет 2035 жылға дейін климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық стратегиясы жарияланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #Қытай #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);