Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қытайдан жаяу шыққан марафоншы қазақ Астанаға жақы...

Қытайдан жаяу шыққан марафоншы қазақ Астанаға жақындап қалды

Әлеумет 27.06.2023, 12:21 1,242
Қытайдан жаяу шыққан марафоншы қазақ Астанаға жақындап қалды
Сурет: ашық дереккөз






Қытай Халық Республикасынан Қазақстан астанасына қарай жаяу шыққан марафоншы Есбол Асқарұлы елордаға жақындап қалды. Ол алдағы бірер күнде Астанада болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Есбол Асқарұлы 2023 жылдың 1 мамыр күні өзінің туған жері, Шыңжаңның Манас ауданынан атажұртты бетке алып, Астанаға дейін жаяу марафонын бастаған еді. Марафоншы қазір 3 мың шақырымнан астам жолды артта қалдырып, арманын ақиқатқа айналдыруға жақындап қалды. Басты мақсаты – екі елдің достығын насихаттап, Астанаға алыстағы қандастардың ақ сәлемін жеткізу. Сонымен бірге Есбол Қазақстанның кең байтақ даласын, көрікті жерлерін елге таныстырғысы келеді. Тарихи орындарды естелікке суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауды өз оқырмандарына уәде еткен,-деп жазды ҚазАқпарат.


photo



«Мен – әлемге тарыдай шашылған қаракөз қазақтың бір ұлымын. 2019 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қытайға барған сапарында телеарнадан сұхбатын көрдім. Ол кісінің қазақ тілінде айтқан қандастар туралы сөзі мені қатты тебірентті. Сол кезде мен осы сапарды армандаған едім. 4 жыл дайындықтан кейін, марафонды бастаудың сәті түсті. Қазақ еліне өткелі ерекше әсердемін. Жолда адамдарың бәрі жақсы қарсы алып, шығарып салып жатыр. Қазақтың дәстүрімен қымыз, бауырсақ алып шығып, күтіп алады, шығарып салады. Бәрі көмектескісі келеді. Бұл менің жігеріме жігер қосып, арманыма қанат бітіргендей. Күніне 30-40 шақырым жол жүремін. Арқамдағы сөмкемда өзіме қажетті заттардың бәрі, кейде демалып, тынығатын кішкене шатырым да бар», - дейді Есбол Асқарұлы.



Ол қазір Қарағанды облысының аумағында.


Есбол Асқарұлы 1997 жылы 1 мамыр күні Қытай Халық Республикасының Шыңжаң автономиясы Санжы аймағы, Манас ауданында туған. Ата-анасы ерте қайтыс болып, нағашы жұртының қолында ержетіпті.


photo


photo


photo


photo


photo








Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаяу #Қытай #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.