AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қытайда өткен марафонда қандасымыз бас жүлдені жең...

Қытайда өткен марафонда қандасымыз бас жүлдені жеңіп алды

Спорт 25.11.2022, 11:46 1,362
Қытайда өткен марафонда қандасымыз бас жүлдені жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Жеңіске жеткен Еділ Нұрболатұлы 19 жаста.


Қытайдағы қандасымыз Еділ Нұрболатұлы Чэндуда өткен ерлер арасындағы жартылай марафонда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталған жарысқа 10 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Қытайдың CNR ақпарат порталы.БАҚ жариялаған ақпаратқа қарағанда, 20 қараша күні 10 мыңнан астам спортшы Чэнду марафон жарысына қатысқан. Осы марафонда Шыңжаңның Алтай аймағынан келген Еділ Нұрболатұлы 1 сағат 8 минут 43 секунд нәтижемен биылғы Чэнду жартылай марафон жарысында ерлер тобында бас жүлдені жеңіп алды.


Бұл - оның алғаш рет мемлекеттік деңгейдегі марафон жарысына қатысуы.



«Еділ Нұрболатұлы 19 жаста. Кішкентайынан жүгіруге қызыққан. Еділді әкесі Алтай аймақтық жеңіл атлетика командасына кәсіптік тәрбиеге береді. 2019 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкелік жасөспірімдердің жеңіл атлетика жарысының 3000 метр және 5000 метр аралыққа жүгіру жарысында бас жүлде алған. Содан кейін Шыңжаң өлкелік спорт және дене шынықтыру істері мекемесінің дене тәрбие 1-ші үлкен командасына қабылданып жаттығуын жалғастырды», деп жазады қытайлық БАҚ.



CNR дерегінше, 2022 жылы 28 қазан күні Қытайдың Жыжияң өлкесінің Чуйжоу қаласында өткен мемлекеттік жеңіл атлетика жарысында Еділ Нұрболатұлы 3 минут 48 секунд нәтижесімен 1500 метрге жүгіру жарысында үшінші болса, 5000 метрлік жарыста 14 минут 18 секунд нәтижесімен төртінші болды.


Осылайша өзінің спорт тарихындағы ең жоғары нәтижесін көрсеткен.


Қазір ол бүкіл Қытай елі бойынша ерлер арасында 5000 метрге жүгіру жалпы тізімінде 16-шы орында, ал 1500 метр бойынша 8-ші орында тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон #Қытай #жүлде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);