AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46-ға...

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46-ға жетті

Әлем 06.09.2022, 06:25 1,914
Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46-ға жетті
Сурет: Fbc.ua

Сычуань провинциясында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды.


Си Цзиньпин апаттан зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының хабарлауынша, дүмпулер Гардзенің батысында-Тибет автономиялық округінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте орналасқан.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға орнына Лудиннен және жақын маңдағы 530 елді мекеннен құтқарушылар жіберілген.


Сілкініс салдарынан көз жұмғандар туралы хабарламалар әлі де келіп түсуде. Ганзада 29 адам, Яанда 17 адам қайтыс болды. Тағы 16 азамат хабар-ошарсыз кеткен.


ҚХР төрағасы Си Цзиньпин апаттан зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды. Өмірді сақтау және адам құрбандарын азайту басты міндет екенін баса айтқан Си Цзиньпин дүмпулерге дайын болу және барынша сақ болу қажеттілігін атап өтті.


Апат аймағына Лудиннен 30 құтқарушы және жақын маңдағы елді мекендерден 530 құтқарушы жұмылдырылды.


Ганзи-Тибет автономиялық ауданы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аймаққа 635 полиция, өрт сөндіру, денсаулық сақтау, байланыс, электрмен жабдықтау және көлік қызметкерлерін жіберді.


Эпицентрден 20 шақырым радиуста 39 мың адам, 50 шақырымда - 330 мың адам, 100 шақырымда - 1,55 миллион адам тұратыны анықталды.


Айта кетсек, Сычуань провинциясы Қытайдың ең сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі ретінде белгілі. 2008 жылдың мамырында бұл аймақта 8 баллдық жер сілкінісі болды. Нәтижесінде 87 150 адам қайтыс болып, 374 мың адам жарақат алды, бірнеше миллион адам баспанасыз қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #жер сілкініс #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);