AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын

Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын

Спорт 05.12.2021, 07:07 1,487 Almaty-akshamy
Қытай Олимпиада ойындарын өткізуге дайын
Cурет: 24.kz

Қысқы Олимпиадаға 3 мыңдай спортшы қатысады


Қытайда қысқы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.


Еске сала кетсек, Олимпиада 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Одан кейін екі апта бойы паралимпиадашылар өзара мықтыны анықтайды.  Қысқы Олимпиадаға 3 мыңдай, ал паралимиадаға 736 спортшы қатысады. Жарыстар Бейжің және осы шаһарға іргелес Яньцин ауданы мен көрші провинциядағы Чжанцзякоу қаласында өтеді. Қатынау ыңғайлы болу үшін қалааралық пойыздар, автобустар мен такси қызметі ұйымдастырылады. 


Ал автоөкліктер үшін жолда арнайы жолақ бөлінеді. Спортшылар Олимпиада ауылында орналасады. Белгілі болғандай шетелдіктер жарсты өз көзімен көре алмайды. Ал жергілікті көрерменге қатысты мәселе әлі шешілген жоқ.  


Бармайтын шығармын, өйткені ойын аяқталғаннан кейін карантинде отыру керек. Қытайда өтіп жатса да, оған қатыса алмайтыным өкінішті, - дейді тұрғындар.


Қазан айында Қытай Халықаралық олимпиада комитетімен бірлесіп, індетке қарсы ортақ ережені әзірледі. Олимпада өтетін аумақта спортшылар, тілшілер мен көрермен емін-еркін қозғалады. Алайда сыртқа шығудың арнайы тәртібі бар. 



"Жабық аумақтан шығудың екі жолы бар. Жарысқа қатысқан шетелдіктерден 48 сағат бұрын ПТР-тест алынып, халықаралық рейстерге қажетті құжатты беріледі. Ал ойындардан кейін Қытайда қалатындар карантинге жіберіледі. Оқшаулану мерзімі жарыс кезінде істеген жұмыс орнына байланысты болмақ", - деді Бейжің қысқы Олимпиадасы ұйымдастыру комитеті насихат бөлімінің жетекшісі Чжао Вэйдун.



Ұйымдастыру комитеті әлемдегі эпидахуалды жіті бақылап отыр. Сақтық шаралары да күшейген. Ал қазан айынан бері Олимпиада нысандарында 8 халықаралық жарыс өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #Қытай #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);