Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қытай мен Қазақстан азаматтарға 30 күндік визасыз...

Қытай мен Қазақстан азаматтарға 30 күндік визасыз режим ұсынбақшы

Әлеумет 12.04.2023, 20:03 885
Қытай мен Қазақстан азаматтарға 30 күндік визасыз режим ұсынбақшы
Сурет: Ашық дереккөз

Қаулы жобасы 26 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады


«Ашық НҚА» порталында Қазақстан мен Қытай Халық Үкіметтерінің арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл құжат Қазақстан азаматтарының Қытай аумағында, Қытай азаматтарының Қазақстан аумағында 30 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруіне мүмкіндік беруді көздейді.



«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», - делінген Қаулы жобасында.



Аталмыш келісімнің 1-бабында 30 күндік визасыз режим қандай мақсатпен қатынайтын азаматтарға берілетіні айтылған.



«Уағдаласушы Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген жарамды жол жүру құжаттарының иелері жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісім-шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатымен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын бір мәрте немесе көп мәрте келу, кету, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады», - деп жазылған келісім мәтінінде.



Яғни, сапарлаушы азаматтар 30 күндік визасыз режим аясында екінші елге 180 күннің ішінде 90 күннен артық бола алмайды.


Қаулы мәтініндегі мәлімет бойынша, 18-19 мамырда бұл келісімге Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына Мемлекеттік сапар барысында қол қойылмақ. Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды деп жоспарланған.


Қаулы жобасы 26 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.