ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қытай ғалымдары полиэтиленді пайдаға асыру жолын т...

Қытай ғалымдары полиэтиленді пайдаға асыру жолын тапты

Әлем 22.04.2024, 12:28 1,426
Қытай ғалымдары полиэтиленді пайдаға асыру жолын тапты
Cурет: Ferra.ru
Қытайдың жетекші химиктері жоғары тығыздықтағы полиэтиленді деполимеризациялау (бөлшектеу) катализаторы ретінде кеуекті цеолитті сәтті қолдана алған.

Қытайдың жетекші химиктері жоғары тығыздықтағы полиэтиленді деполимеризациялау (бөлшектеу) катализаторы ретінде кеуекті цеолитті сәтті қолдана алған.


Бұл жайында islam.kz порталы N + 1 ақпарат көзіне және Nature Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде  полиэтиленнен жоғары октандық саны 88 болатын тармақталған алкандардың (Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер – Уикипедия электронды энциклопедиядан) қоспаларын алуда, сонымен қатар, деполимерлену процесін зерттеуде пайдалануға болады. Аталмыш әдістің ең басты артықшылығы қосымша реагенттерді (Реагент - реакция орын алса, химиялық реакция немесе сынау тудыратын жүйеге қосылған қоспа немесе қоспасы. Реагент реакцияның пайда болуына себеп болатын нақты химиялық зат бар-жоқтығын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін - kk.eferrit.com дерек көзінен) мейлінше аз қолдануында жатыр.


Полиэтилен – бірыңғай байланыс арқылы қосылған көміртегі атомдарының ұзын тізбегінен тұратын полимер. Ол мықтылығына әрі түрлі химиялық әсерлерге төзімділік танытуына байланысты орау немесе қаптау материалдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Қарапайым полиэтилен бейорганикалық қышқылдармен және сілтілермен әрекеттеспейді. Бүгінгі таңда дүниежүзілік химия өнеркәсібі жылына 100 миллион тоннаға жуық полиэтилен өндіреді. Сондықтан оны тиімді өңдеу тәсілдерін іздестіру ғылыми қоғамдастықтың маңызды міндетіне кірген. Қытай ғылым академиясының химия институтының Хан Бусин бастаған ғалымдар тобы полиэтиленді тармақталған алкандар қоспасына айналдыру үшін LSP-Z100 кеуекті цеолиті арқылы инновациялық шешім ойлап тапты.


Алынған өнімді автокөлік отыны ретінде сәтті пайдалануға болады, бұл пластик қалдықтарын қайта өңдеу саласын жаңа белеске көтереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.