AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытай 15 наурыздан бастап Қазақстанға шығу турлары...

Қытай 15 наурыздан бастап Қазақстанға шығу турларын қалпына келтіреді

Әлем 11.03.2023, 16:17 1,017
Қытай 15 наурыздан бастап Қазақстанға шығу турларын қалпына келтіреді
сурет:fonar.tv

Бұған дейін Қытай басшылығы ковидті жеңгенін жариялаған болатын.


Қытай 15 наурыздан бастап ұйымдасқан топтардың Қазақстан мен кейбір елдерге туристік сапарларын қайта бастайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«2023 жылдың 15 наурызынан бастап бүкіл ел бойынша туристік агенттіктер мен онлайн-компаниялар эксперименттік негізде Қытай азаматтарына белгілі бір елдерге шығуға топтық турлар мен «авиабилет + қонақүй» қызметін ұйымдастыруды қалпына келтіреді», - делінген ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесінде.



Бұл тізімге Қазақстаннан басқа Непал, Бруней, Вьетнам, Моңғолия, Иран, Иордания, Танзания, Намибия, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Сербия, Хорватия, Франция, Греция, Испания, Исландия, Италия, Дания, Португалия, Словения, Бразилия, Чили, Уругвай және басқа да бірқатар елдер кіреді.


2023 жылдың 8 қаңтарында Қытай билігі жұқпалы аурулар рейтингіндегі COVID-19 классификациясын «А» санатынан «В» санатына түсіріп, Қытайдан басқа мемлекеттерге саяхатты біртіндеп қалпына келтіре бастады. Туристік мақсатта шетелге шығуға төлқұжат алу үшін Қытай азаматтарының өтініштерін қабылдау және қарау рәсімдері қалпына келтірілді.


Қытай статистикасына сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қытайлық туристер шетелде 1 127,5 млрд доллар жұмсаған. Америка континенті 24%-бен екінші орында, одан кейін Еуропа - 13%.


Бұған дейін Қытай басшылығы ковидті жеңгенін жариялаған болатын. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының тұрақты комитетінің өкілдері Қытай өткен қарашадан бастап COVID-19 алдын алу және бақылау саласында үлкен жеңіске жеткенін атап өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #туристер #виза #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);