ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қыстың соңғы айында ауа райы қандай болады?

Қыстың соңғы айында ауа райы қандай болады?

Өмір-өзен 01.02.2022, 04:53 1,892
Қыстың соңғы айында ауа райы қандай болады?
Сурет: Inform.kz
Ақпан- қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан дейді даналығы. Бұл ай - қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі. Қатты суық, аяз, үскірік, дүлей борандар осы айда болады. Десе де, биылғы қыс...

Ақпан- қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан дейді даналығы. Бұл ай - қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі. Қатты суық, аяз, үскірік, дүлей борандар осы айда болады. Десе де, биылғы қыс қаһарына мінбеген сияқты. Қаңтар да жылы күндерімен қуантты. Алдағы айда күн райы қандай болмақ?


Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп болжануда. Бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


"Қазгидрометтің" мәліметінше, еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.


Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты нормада, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.


Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде аязды және жауын-шашын аз болады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ болады. 


Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы болжануда.


Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында еліміздің оңтүстігі мен батысында күндіз ауа температурасы жоғарылайды.


Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.


Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан  -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.


Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасынмен, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.


Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның әсерінен температуралық фон төмендейді деп күтіледі:


- батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз  -3-10°С-қа дейін;


- солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;


- оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.


Жекелеген күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:


- батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін; 


- солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде  -3-15°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;


- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.