AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қырғызстанмен шекарадағы "Кеген" өткізу бекеті тәу...

Қырғызстанмен шекарадағы "Кеген" өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады

Билік 21.01.2026, 16:11 382 Сұлу
Қырғызстанмен шекарадағы "Кеген" өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады
Аlmaty.tv

Қырғызстанмен шекарадағы "Кеген" өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Мәжіліс 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойылған.

Түзету "Кеген-автожолдық" (Қазақстан Республикасы) – "Қарқара-автожолдық" (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін "тәуліктің жарық уақытынан" "тәулік бойына" өзгертуді көздейді. Бұл шешім Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын арттыруға, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізеді.

Анықтама үшін: Қырғызстанмен шекарада 12 өткізу бекеті бар, оның 8-і көпжақты ("Кеген", "Қарасу", "Қордай", "Сыпатай батыр", "Айша-бибі", "Сартөбе", "Аухатты", "Чалдовар") және төртеуі екіжақты (Ақсу, Бесағаш, Алатау, Жайыл). Қырғыз Республикасымен шекара халықаралық құқыққа сәйкес толығымен бекітілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қырғызстан #шекара #пункт #тәулік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);