AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қырғыз киносының күндері басталды

Қырғыз киносының күндері басталды

Мәдениет 04.04.2024, 04:11 1,103
Қырғыз киносының күндері басталды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

3 сәуірде Астанада қырғыз киносы күндері ашылды. 



Іс-шараға Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, ҚР Сыртқы істер министрлігі, қырғыз диаспорасы мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қырғыз киносы күнінің ашылуында қырғыз режиссері Руслан Акунның «Бейиш эненин таманында» (Пейіш ананың табанында) фильмі көрсетілді.

Фильм ой-өрісі сегіз жасар баланың деңгейінде қалып қойған жігіттің қиындыққа толы өмірі және ананың балаға деген махаббаты жайында. 


Кинокартинаның көп бөлігі Қазақстан аумағында түсірілген.

Айта кетейік, фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында Қырғызстан мен Қазақстан кинотеатрларында бірдей өтті.


Басты мақсат - екі елдің мәдени байланысын нығайтып, көрші елдің кино өндіру саласына қолдау көрсету. 


Аталмыш фильм - қырғыз киносы күндері аясында қазақстандық көрермен көретін жалғыз картина емес. 


4 сәуірде «Тенирберди» (Тәңірберді) фильмі көрсетіледі. Туынды жеңіл, комедиялық жанрдағы этикалық құндылықтар тақырыбын қозғайды.


Айта кетейік, екі ел киноөндірушілері бірлесіп, бірнеше сәтті жобалар жасады.


Атап айтсақ, қазақстандық және қырғызстандық кинематографистердің бірлескен жұмысы нәтижесінде «Үкім» фильмі түсірілді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #киноматографистер #қырғыз #Пейіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);