ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Қымбатты дос!" Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаевты...

"Қымбатты дос!" Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаевты тебірене еске алды

Алматы 06.08.2025, 14:57 748
"Қымбатты дос!" Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаевты тебірене еске алды
Аqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы
Бүгін Алматыда ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу барысында оның әріптесі Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаевтың ерлікке толы өмір жолын...

Бүгін Алматыда ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу барысында оның әріптесі Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаевтың ерлікке толы өмір жолын тебірене еске алды, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

"Қай жерде жүрсек те, қай ғарыш айлағынан ұшсақ та, қайда кетсек те, біз әрқашан өз кәсібімізге, ғарышқа адал болдық. Өйткені ғарыш бізді біріктірді. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп іс тындырдың. Сен нағыз патриот едің. Мұны мен де, бүкіл халық та көріп, куә болды. Сен бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен жасадың. Ең маңыздысы - сенде әрдайым өзгелерде кездеспейтін идеялар болды. Сол идеяларды іске асыра алдың. Саған соңғы рет қош айтып, отбасыңа, халқыңа мына нәрсені жеткізгім келеді: Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Сенің атың ел тарихында мәңгілікке жазылды. Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты дос!" - деді Тоқтар Әубәкіров. 

Еске салайық, қоштасу рәсіміне марқұмның отбасы мен туыстары, әріптестері мен достары, қоғам және мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, Алматы қалалық мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Қорғаныс және аэроғарыш саласының басшылары болды. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімін жоғары деңгейде өткізуге арнайы тапсырма берген. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.