AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қымбаттап кеткен мұнай бағасы түсті

Қымбаттап кеткен мұнай бағасы түсті

Әлем 31.03.2022, 10:30 1,785
Қымбаттап кеткен мұнай бағасы түсті
Сурет: Regnum.ru

Барреліне 107,06 долларға дейін арзандады.


Brent маркалы мұнайдың бағасы бейсенбі күні барреліне 107,06 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   


Сәрсенбі күні болған соңғы саудада бұл мұнай маркасының баррелі 114,80 долларға жетіп, сауда 111,44 доллармен аяқталды. 


31 наурыз таңғы сағат 09:12-дегі жағдай бойынша, қымбат мұнай маркасының бағасы 4 пайызға арзандап, баррелі 107,06 доллар болған. 


WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 102,58 доллар болды. 


Бағаның төмендеуіне АҚШ-тың алдағы айларда стратегиялық мұнай қорының 180 миллион баррелін сату жоспары әсер етті. 


АҚШ президенті Джо Байден мұнай сату туралы 31 наурыз, бейсенбі күні мәлімдейді деп хабарланған. 


Сарапшылардың пікірінше, мұнай қорының көп мөлшерін сату бағаның өсуін белгілі бір уақытқа дейін тиімді түрде шектеуі мүмкін. 


Халықаралық энергетикалық агенттік жұма күні мұнай тасымалдау мәселесін талқылау үшін кезектен тыс министрлік жиналысына шақырды. Осыған орай, жиналыста қорларды сату туралы шешім қабылдануы мүмкін деген үміт артты. Аталған жағдай мұнай бағасының төмендеуіне әсер етіп отыр. 


Бүгін өтетін мұнай экспорттаушы елдер (ОПЕК) министрлерінің және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің 27-ші кездесуінде топ өзінің қазіргі өндірістік саясатын ұстанады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #баға #Нефть
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);