AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұст...

Қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Заң мен тəртіп 26.12.2025, 17:43 659 dulatbekova
Қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Астана қаласында полиция қызметкерлері сауда орталықтарында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің сауда-ойын-сауық орталықтарының біріндегі дүкенге сатып алушы кейпінде кіріп, парфюмериялық өнімдерді жасырын түрде ұрлағаны анықталды. Еркін қолжетімділікті пайдалана отырып, ол витринадан екі-екіден қымбат әтір құтыларын алып, қалтасына жасырған күйі дүкеннен еш кедергісіз шығып отырған. Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 300 мың теңгені құрады. Тергеу барысында ұрланған тауарларды күдіктінің кейін сатып жібергені белгілі болды. Жедел уәкілдер ер адамның жеке басын бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтап, оны сол аудан аумағында ұстады.

Сонымен қатар, полиция оның қатысы болуы мүмкін тағы үш ұқсас ұрлық дерегін тіркеді. Аталған фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтар мен сауда нысандарының өкілдеріне қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Атап айтқанда, келушілердің күмәнді әрекеттеріне назар аудару, тауарлардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ анықталған құқық бұзушылықтар туралы полицияға дер кезінде хабарлау ұсынылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қымбат әтірлер #ұрлық #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);