AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құтқарушының құрметті жолы

Құтқарушының құрметті жолы

Әлеумет 13.12.2024, 12:58 1,241
Құтқарушының құрметті жолы
aqshamnews.kz

Еңбек адамы

Алматы – Қазақстанның ең ірі және халық тығыз орналасқан қалаларының бірі. Мұнда күнделікті тіршілік қарбалас, ал төтенше жағдайлар қызметі әрдайым сақадай сай болуы тиіс. Осы міндетті абыроймен атқарып жүрген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында ерекше еңбекқорлық пен кәсібилікті бойына сіңірген Нұрлан Атығаев сынды ерлер бар.

 

Алматыдағы әрбір өрт пен төтенше жағдайдың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Нұрлан Атығаев пен оның әріптестерінің басты мақсаты. Жыл сайын қалада шамамен 600 өрт тіркеледі. Департаменттің 19 өрт сөндіру бөлімшесі және 1,5 мыңнан астам құтқарушы бұл жағдайларды тез әрі тиімді жою үшін үздіксіз еңбек етеді.

Қазіргі заманда техникалық жабдықталу қызметтің тиімділігін арттыруда. Алматының өртке қарсы қызметі 95%-ға қажетті техникалармен жарақтанған. Соңғы жылдары қалада өрт сөндіру деполары салынып, автопарктер жаңартылды. Жоғары қабатты ғимараттарға арналған арнайы көтергіштер мен метродағы өрттерді сөндіруге арналған заманауи құралдар алынып, қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар, 1100-ден астам бейнекамералар арқылы қала аумағында бақылау жүргізіледі. Бұл жүйе төтенше жағдайларды ерте анықтап, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Ал дрондар тек таудағы қауіпсіздікті бақылап қоймай, іздеу-құтқару жұмыстарында да таптырмас құралға айналған.

Нұрлан Атығаевтың айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу – тек техникалық жабдықтар мен құтқарушылардың жұмысы ғана емес, халықтың да жауапкершілігін талап етеді. Осы мақсатта жеке тұрғын үйлерге рейдтер ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, «Қауіпсіздік үшін – бірге» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға пеш тазалау, түтін мұржаларын жөндеу сияқты нақты көмек көрсетіліп, улы газдан қорғау үшін арнайы құрылғылар орнатылды.

Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Алматыда төтенше жағдайлардың деңгейі азайып, қауіпсіздік мәдениеті жақсарып келеді. Ол өз саласына барынша адал қызмет етумен қатар, ұжымына үлгі болып, жас мамандарды тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіруде.

Алматының әрбір тұрғыны мен қонағының қауіпсіздігі үшін күндіз-түні аянбай қызмет етіп жүрген Нұрлан Атығаев пен оның әріптестеріне алғысымыз шексіз. Осындай еңбек адамдарының арқасында алып шаһардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нұрлан Атығаев #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);