Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Құтқарушылар азаматтарға пештерді уақтылы жөндеп,...

Құтқарушылар азаматтарға пештерді уақтылы жөндеп, мұржаларды тазартуға кеңес береді

Әлеумет 15.02.2024, 14:08 1,020
Құтқарушылар  азаматтарға пештерді уақтылы жөндеп, мұржаларды тазартуға кеңес береді
Сурет: Gov.kz

Жылыту кезеңінде жылыту пештерін дұрыс пайдаланбаудан  тұрғындар улы газбен улану жағдайлары аз тіркелмейді.


Мәселен, ағымдағы жылдың 15 ақпанында сағат 13.40-та Алматы қаласы ТЖД-нің 112 пультіне жедел медициналық жәрдем қызметінен Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданы алдын ала ақпарат бойынша көмірмен жылытылатын пеш қақпасы жабық болғандықтан, улы газбен уланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Медицина қызметкерлері отбасы мүшелерінің, оның ішінде 3 баланың жағдайы «тұрақты» деп анықтады, сонымен қатар ересек адамдар ауруханаға жатқызудан бас тартты, бірақ балалар дәрігерлердің қарауында қалды. Қазіргі таңда олардың өмірі мен денсаулығына ешбір қауіп жоқ, деп хабарлайды Almaty-alshamy.kz ҚР ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 


Бұған дейін 2024 жылдың 12 ақпанында тұрғын үй секторын профилактикалық аралау барысында Наурызбай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері осы отбасымен жылу беру кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргізген.


Жалпы, Алматы қаласы ТЖД жүйелі жоспарына сәйкес жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі хабарландырулармен барлығы 164 мыңнан астам үй қамтылып, нұсқау берілді


Өрт қауіпсіздігі ережелерінің 28 мыңнан астам бұзушылығы анықталды (автономды жылыту жүйелерімен, электр желілері мен жабдықтарын пайдалануға байланысты өрт қауіпсіздігі саласында бұзушылықтар және т.б.). Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жеке тұрғын үй иелеріне ұсынымдар берілді.


Құтқарушылар атап өткендей, үйдің іші суып кетпеу үшін жеке сектор тұрғындарының көбісі ұйықтар алдында пеш жапқышын уақтылы ашпайды.


Мұндай әрекет үйді иісі де жоқ, бірақ өмірге өте қауіпті улы газдың таралуы  мүмкін. Оның түсі, иісі жоқ, бірақ адам өміріне өте қауіпті.


Осыған байланысты, пештің жапқышын көмірдің үстіндегі көк жалын жоқ болып кеткеннен кейін ғана жабыңыз. соңына дейін жанбай жатып жабылған пеш жабыны улы газдың көзі болып табылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құтқарушылар #Кеңес #жылыту пештері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.