конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрылысшы, сантехник, аспаздарға сұраныс артып оты...

Құрылысшы, сантехник, аспаздарға сұраныс артып отыр

Әлеумет 14.08.2025, 15:38 676
Құрылысшы, сантехник, аспаздарға сұраныс артып отыр
aqshamnews.kz

Ұлытау облысында жұмысшы мамандықтарға сұраныс күрт артты. Әсіресе, құрылысшы, сантехник және аспаз сияқты техникалық бағыттағы кадрлардың тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты биыл мемлекет тарапынан тегін білім алуға бөлінетін гранттар саны едәуір ұлғайып отыр. 

Жаңа оқу жылына Ұлытау өңірінде жұмысшы мамандықтарға 2250 грант қарастырылған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Қазірдің өзінде өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр. Жас мамандар тек білім алып қана қоймай, нақты өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі таңда өңірдегі 150-ден астам кәсіпорын мен колледждер арасында әріптестік жөнінде меморандум жасалды. Бұл құжаттар негізінде студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шара жастардың мамандықты игеру барысында нақты дағдыны меңгеріп, еңбек нарығына тез бейімделуін қамтамасыз етеді.

Ұлытау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай жаңартылып келеді. Оқу орындарына қазіргі заманға лайықты оқу құралдары мен симуляциялық құрылғылар сатып алынуда. Бұл – білім беру сапасын арттырып қана қоймай, студенттердің тәжірибелік машықтарын жетілдіруге септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас маман #жұмыс #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);