ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Құрылыс компанияларының 36%-ы ауыр жағдайда

Құрылыс компанияларының 36%-ы ауыр жағдайда

Нарық 23.11.2021, 12:23 1,549
Құрылыс компанияларының 36%-ы ауыр жағдайда
Сурет: Bautehnik.by
Тіпті елорданың өзінде құрылыс салушылардың төрттен үшінің сатылымға шығаратын тұрғын үй кешенінің саны үштен аспайды.

Тіпті елорданың өзінде құрылыс салушылардың төрттен үшінің сатылымға шығаратын тұрғын үй кешенінің саны үштен аспайды.


Елімізде жұмыс істеп тұрған құрылыс ұйымдарының 99%-ы шағын кәсіпорындар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Тұрғын үй құрылысы нарығы бірнеше жылдан бері қарқынды өсіп келеді. 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылған, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанмен кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға артық. Биылғы жылы барлығы 11,6 млн шаршы метр пайдалануға берілді,  бұл – өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға артық.


Еске сала кетсек: биыл ел азаматтарына баспана сатып алу үшін жинақтаған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, дүние жүзінде құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына байланысты баспана құнының да өсуі байқалады.


Қазірдің өзінде жаңа (әлі белсенді емес) құрылыс компаниялары санының ай сайынғы серпінді өсімі байқалады. Мәселен, жыл басынан бері олардың саны 50,8%-ға немесе 2,3 мыңға артып, қазан айының соңына қарай 6,7 мың кәсіпорын болды. Яғни, еліміздің тұрғын үй құрылысыныда жаңа компаниялардың саны артып келеді, бірақ олардың қаншалықты сенімді екені белгісіз.


Сонымен қатар, жұмыстың өзіндік құнының орасан жоғарылауымен байланысты қазіргі жағдайда көптеген жұмыс істеп тұрған компаниялар олардың сенімділігіне күмән келтіретіндей қиындықтарға тап болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нарықтық сауалнамасына сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында сауалнамаға қатысқан құрылыс компанияларының 20%-ы ғана өздерінің жағдайын тұрақты деп бағаланған. Ал, компаниялардың 36,2 пайызы ауыр жағдайда.


Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алынған мысал: Кортер порталының мәліметінше, елордада 87 құрылыс компаниясы жұмыс істейді, ал олардың көпшілігінде бір-екі ғана нысан сатылуда. 74% -да немесе 64 құрылыс салушының сатылымында үш тұрғын үй кешенінен артық нысан жоқ. Бір ғана тұрғын үй кешенін сататын да  компаниялар бар. Бұл жерде салынған тұрғын үй кешендерінің саны компаниялар қызметінің көлемі мен ауқымы туралы хабар береді.


Жалпы, Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған құрылыс ұйымдарының 99%-ы шағын кәсіпорындар, ал сәйкесінше 0,7% және 0,3%-ы ғана орта және ірі кәсіпорындар болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.