AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық onli...

Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

Құрылтай 20.08.2026, 16:16 311
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

Марафон тікелей эфирде сағат 09:00-ден түнгі 00:30-ға дейін жалғасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы күні «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен ауқымды медиажоба – жалпыұлттық online-марафон өтеді.

Ел тарихында тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауына арналған медиажоба барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, сайлау барысынан үздіксіз ақпарат беріледі. Оған қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, өз саласында жетістікке жеткен мамандар, БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады.

Іс-шара аясында бірнеше алаң жұмыс істейді. Басты сахнада түрлі тақырып бойынша спикерлер ой бөліседі. Touch Screen арқылы негізгі статистикалық мәліметтер мен Қазақстанның әр сала бойынша халықаралық көрсеткіштері ұсынылады. Әр 2 сағат сайын меншікті тілшілер шетелдегі дауыс беру нәтижелерін баяндайды.

Брифинг алаңында Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен шетелдік бақылаушылар және ҚР ОСК науқанға қатысты ресми ақпараттарды жариялайды. Өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар мен қоғам белсенділері 5-7 минуттық мотивациялық және танымдық дәрістер оқиды. Дискуссия алаңында қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық, тарихи-мәдени тақырыптар бойынша пікірталастар ұйымдастырылады. Экспресс-камерада жедел пікірлер мен қысқа сұхбаттар беріледі. Сонымен қатар викторина және әртүрлі ойын-сауықтық шаралар қарастырылған.

«Қарқынды құрылыс» жобасы аясында ел аумағында жүріп жатқан ауқымды нысандардың алаңдарынан тілшілер арнайы хабар таратады.

Марафонның басты ерекшелігі – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Эфир барысында үш мегаполистің тыныс-тіршілігі көрсетіліп, қалалардың көрікті жерлерінен репортаждар, тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен сұхбаттар ұсынылады.

Жалпыұлттық online-марафон республикалық және аймақтық медиа ресурстрдың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетіледі. Марафонға қатысты жедел жаңалықтар, маңызды ақпараттар «Онлайн марафон – 2026» Telegram (http://t.me/onlinemarathon2026) арнасында жарияланып отырады.

Алматылықтар мына сілтемелер арқылы қарай алады:

YouTube
https://www.youtube.com/live/fdiuUl8c_WA?si=v2AXr3CPyz5jcEtg

Facebook
https://www.facebook.com/share/v/1ExuiTvxhB/

Instagram

https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/17987331689950875

TikTok
https://vt.tiktok.com/ZS9koNdjwEgko-Fjv4d/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);