конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрманбек Жұмағали: Қазір «креатившілер» Президент...

Құрманбек Жұмағали: Қазір «креатившілер» Президенттің ерекше қолдауын сезінуде 

Әлеумет 01.09.2023, 11:58 1,376
Құрманбек Жұмағали: Қазір «креатившілер» Президенттің ерекше қолдауын сезінуде 
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технологиялар сияқты креативті индустрия салаларын дамыту мәселесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, бұл сектор әлі де дамымағанын және елімізде креативті экономиканың қарқынды өсуі үшін жағдай жасау қажет екені айтылды.


Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, бұл – киноиндустриядағы мамандарға да қатысты айтылған месседж.



«Президент «креатившілерге» жобаларды коммерцияландыру мәселелері бойынша көмектесу керек екенін айтты. Расында, біз қазір жақсы жобалардың да назардан тыс қалып, табыстарға жете алмай жатқанын көріп отырмыз. Егер кино саласына келетін болсақ, онда дайын фильмдер міндетті түрде табыс әкелуі тиіс. Бірақ, өкінішке орай, кейбір шығармашылық топ өкілдері түсірілім аяқталғаннан кейін фильмдерді қалай жарнамалап, жарыққа шығару керектігін білмейді. Ал кейбір режиссерлер өз фильмдерін халықаралық кинофестивальдерге ұсына ма, әлде кең прокатқа шығара ма – ол жағын алдын ала ойластырмайды. Сондықтан биылғы питчингті өткізгеннен кейін, біз кинематографистерге қандай тетіктер арқылы жергілікті деңгейде, тіпті қалай халықаралық нарыққа шығуға болатынын түсіндіру мақсатында тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Құрманбек Жұмағали.



Сондай-ақ, ол биыл тамыз айында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы кинотеатр өкілдерімен, кинодистрибьюторлармен және кинопродюсерлермен кездесулер өткізгенін атап өтті.



«Қазір кино саласында барлығымызға бірыңғай даму стратегиясы қажет. Жалпыға түсінікті жүйе керек. Қазір біз қолданыстағы ережелер мен нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында сала өкілдерімен белсенді кездесулер өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ, ұлттық фильмдерге қолдау көрсету үшін жыл соңына дейін кинотеатрлармен меморандумдарға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бизнес өкілдері отандық киноның дамуы жолында барынша қолдау көрсетуге және бізбен тығыз байланыста болуға дайын. Менің ойымша, қазір «креатившілер» Президенттің ерекше қолдауын сезінуде», – деді Құрманбек Жұмағали.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #ақпараттық технология #Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);