AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Құрманбек Жұмағали: «JARQYRA»  кастингі басталады

Құрманбек Жұмағали: «JARQYRA»  кастингі басталады

Барлығы 12.09.2025, 20:14 748 Алматы ақшамы
Құрманбек Жұмағали: «JARQYRA»  кастингі басталады
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Қазақ киносының күніне орай елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды жоба – «JARQYRA» республикалық кастингі басталады. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали мәлімдеді.

Кастинг 15 қыркүйек күні, сағат 11:00-19:00 аралығында, еліміздің            19 қаласындағы мәдениет ошақтарында бір мезетте өтеді. Кастингке                      18 жастан бастап қатысу мүмкіндігі бар. Жоба өңірлік таланттарды анықтауға және олардың отандық киноиндустрияға жол табуына бағытталған.

«Бұл – жай кастинг емес. Бұл – арманға апарар нақты мүмкіндік. Оған бүгінде танымал актерлер дәлел: Гузель Жан – «Игроманка» фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса, Самал Еслямова – «Айка» фильмі арқылы Канн фестивалінде жүлде алған актриса, Марат Әбішев – «Адам және алма» фильмінің басты кейіпкері.

Олардың жолы – осындай кастингтерден басталып, үлкен экранға дейін жеткен сәтті үлгі. Алдағы уақытта кастингтен өткен қатысушылар Орталықтың актерлік базасына енгізіліп, болашақта отандық киножобаларға қатысуға мүмкіндік алады», – деді Құрманбек Жұмағали.

 Іріктеуден өткен үміткерлердің деректері www.kazakhcinema.kz сайтындағы актерлік онлайн-базаға орналастырылады. Бұл база – кинокомпаниялар мен продюсерлер үшін жаңа есімдерді табуға мүмкіндік беретін ашық әрі қолжетімді алаң болмақ.

 Бұған дейін де Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бастамасымен және қолдауымен отандық кино саласында бірқатар жаңа есімдер танылып, еліміздің мәдени әлеуетін нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен жүйелі түрде жалғасып келеді.

 

«Соңғы жылдары 34 дебюттік фильмге қолдау көрсетіліп, жаңа буын режиссерлер мен актерлердің қалыптасуына нақты жағдай жасалды. Жақында ғана жарыққа шыққан, апат тақырыбын қозғайтын «QAITADAN» дебюттік фильмі 1 апта ішінде 500 миллион теңгеге жуық кассалық табыс жинап, көрерменнің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, отандық кинолар халықаралық фестивальдерде де мойындалып, еліміздің мәдени брендіне айналып келеді», – деп атап өтті Құрманбек Жұмағали.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кастинг #Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы #игроманка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);