AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрбанов тағы қағыс қалды

Құрбанов тағы қағыс қалды

Әлеумет 27.08.2024, 17:31 2,095 Bakyt
Құрбанов тағы қағыс қалды
Сурет: Vecher.kz

ҚР Спортты дамыту дирекциясы оқиғаға түсініктеме берді

Бүгін, 27 тамызда Ақордада Париждегі жазғы Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олимпиадашылар мен олардың жаттықтырушылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік марапаттар алды. Алайда, іс-шараның салтанаттылығына қарамастан, күміс жүлдегері, гимнаст Нариман Құрбановтың бұл жиынға қатыспағаны көпшіліктің назарын аударды. Taspanews.kz тілшісі мемлекет басшысы Қазақстан үшін тарихи медаль алып келген спортшының неге марапаттаудан шет қалғанын анықтауға тырысты.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің өкілі Шамкен Байырбектің айтуынша, Нариман Құрбанов белгілі бір себептермен Президенттің марапаттау рәсіміне қатыса алмаған. Ол спортшының өзіне тиесілі барлық марапаттарды алатынын айтты.

«Нариман белгілі бір себептермен Президенттің марапаттауына қатысқан жоқ. Ол Президент пен мемлекеттен өзіне тиесілі барлық марапаттарын алады,» – деді Байырбек Taspanews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, Нариман Құрбанов қазіргі уақытта Алматыда. Марапаттау рәсіміне Нариманның әкесі әрі жеке жаттықтырушысы Хусанжан Құрбанов қатысты.

Кейінірек, Taspanews.kz редакциясына ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің басшысы Аян Төлеген байланысқа шығып, спортшының «аздап ауырып қалғанын» мәлімдеді. Бірақ, тілшінің олимпиада жүлдегерінің президентпен кездесуіне қандай дерт әсер еткені туралы сұрағы жауапсыз қалды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадада жарқын жұлдыз болып жанғаны үшін Нариман Құрбанов пен оның әкесі және жаттықтырушысына – Хусанжан Құрбановқа «Парасат» орденін берген.

Taspanews.kz тілшісі күміс жүлдегер Нариман Құрбановпен және ҚР гимнастика Федерациясымен байланысуға тырысты, алайда спортшы да, федерацияның баспасөз хатшысы да қоңырауларға жауап бермеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нариман #президент #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);