AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

Әлеумет 29.06.2023, 09:31 1,314
Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді
azh.kz

Түсініп, ғибрат алған адамға басқа құлшылықтар секілді құрбандықтың да адам мінезін тәрбиелеуде айрықша орны бар. Әсіресе эгоизм барынша насиқатталған мына заманда құрбандық бізді көпшілдікке, өзге үшін қымбатымызды қиюға тәрбиелейді. Жалпы алғанды ізгілік атаулы құрбандық құндылығына негізделген. Өзіңнен жырып берген құрбандығың қаншалық қымбат һәм мәнді болса, тақуалығың да соншалық терең.


Мысалы, кейде адам көңілі үшін алтын уақытыңды бөліп, бірге уақыт өткізудің өзі - құрбандыққа жатады.


Өзіңе қанша жерден тиімсіз әрі қиын болса да берген уәдеңде тұру да - құрбандыққа саналады.


Айтып тастайтын тұста кісі жүрегін жараламау үшін тіліңді тістеп, үнсіз қалу да - құрбандық.


Ел игілігі үшін өз мүддеңнен бас тартып, кері шегіну, тіпті, кейде ақиқат үшін жексұрын болу да - құрбандық.


Есеп айырысып, өш алуға шамаң жете тұра кінәліні кешіре білу де - құрбандық.


Кейде балаларыңның бақыты үшін қиын адамға сабыр етіп, өмір бойы бірге ғұмыр кешуің де құрбандық.


Ал Алаш арыстарындай жан рахатыңды қиып, ел үшін бар өміріңді пида ету болса - ең ұлы құрбандық.


Құрбандықтың неше атасын жасасаң да, соның бәрін ұмытып, пендеден зәредей алғыс пен қарым күтпеу - Жаратқанның ризашылығына ұмтылған шын тақуа адамның қасиеті.


Әсілінде мына дүниедегі өзіміз үшін жасаған барлық іс-әрекетіміз осы пәниеде қалады. Ал пида еткен әрбір құрбандығымыз ғана мәңгілікке айналады.


Алла елшісі (с.а.у.) бір күні Айша анамыздан “Шалған құрбандықтан өзімізге не қалды?”-деп сұрағанда “бәрін таратып бердік. Өзімізге тек жауырыны ғана қалды” деп жауап берді. Сонда Алла елшісі: “керісінше жауырыннан басқасының бәрі бізге қалды.”- дейді.


Құранда: “Құрбандыққа шалған малыңның еті де, қаны да әсте Аллаға жетпейді. Оған жететін тек тақуалық істерің ғана.” -(“Хаж” сүресі, 37-аят.) делінген.


Құрбан айт мүбәрак, дұға-тілек, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай!


Айт күні айналамызға шаттық сыйлап, ата-ана, ағайын-туыстың ризашылығын алуға асығайық!


Kairat Zholdybaiulyның әлеуметтік парақшасынан




 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрбандық #құлшылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);