AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрбан айтта Алматы облысы тұрғындары қаулы талапт...

Құрбан айтта Алматы облысы тұрғындары қаулы талаптарын сақтауы тиіс

Әлеумет 05.07.2022, 15:04 1,519 Almaty-akshamy
Құрбан айтта Алматы облысы тұрғындары қаулы талаптарын сақтауы тиіс
сурет: Egemen.kz

Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді


Алматы облысының тұрғындары арасында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қаулы талаптары 8-11 шілде аралығында, яғни Құрбан айт кезінде сақталуы тиіс. Қаулы мәтіні бойынша, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, полиция департаменті, дін істері басқармасы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау жөніндегі аумақтық инспекция, сондай-ақ аймақтың бас имамына келесі талаптарды қамтамасыз ету міндеттеледі:


1) малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салу;


2) ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандардағы сою пункттері, алаңдар) мал союды және өткізуді ұйымдастыру;


3) мал союды ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізу;


4) облыстың барлық аумағындағы сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;


5) Qurban2022.kz сайтқа өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмысын жүргізу;


6) тоңазытқыш жабдықтардың, рефрижераторлардың және жеке қорғаныс құралдарының қажетті санын қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтау.


Сондай-ақ, жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады:


1) қоғамдық тамақтану объектілерінде (тойхана, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мешіттер және т.б.) және салттық іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;


2) тез бұзылатын өнімдерді тек суық жағдайда ғана сақтау. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт, салаттар сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аударыңыз, дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;


3) тек таза қаптаманы (полиэтилен, тамақ өнімдеріне арналған контейнерлер және т.б.) пайдалану, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинамау, шыбындар мен тарақандардың пайда болуына жол бермеу;


4) кездейсоқ адамдардан немесе санкцияланбаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау; 5) жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау, бірақ егер дайын тағам келесі күнге қалса, онда оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру).


6) тұрғын үйді үнемі таза ұстау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа өнімдерді пайдалану. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаулы #Талап #карантин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);