AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Құранды қорлағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Құранды қорлағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Әлем 26.01.2025, 13:45 1,291
Құранды қорлағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды
Cурет: Islam.kz

Данияда алғаш рет қасиетті Құранға құрметсіздік көрсеткен екі адамның үстінен сот процесі басталды.

 Бұл жайында islam.kz порталы yeniasir.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Копенгаген прокуратурасының жазбаша өтінішінде айтылғандай, алғаш рет Данияның қылмыстық кодексіне сәйкес қасиетті Құранға қарсы әрекет еткен екі адамның үстінен іс қозғалған. 2024 жылдың маусым айының 15-і күні Борнхолм аралында өткен акция барысында қасиетті Құранға құрметсіздігімен көзге түскендерге қатысты іс картотекасы Борнхолмдегі сотқа жіберілгені және сот талқылауының кестесі анықталмағаны айтылған хабарламада.

Пікірлері мәлімдемеге енгізілген Копенгаген прокуроры Лис Лотте Нилас: «Біздің берген бағамыз тұрғысынан қоғамдық орында Құранға қарсы орынсыз әрекеттер жасалды және көптеген адамдар осы оқиғаның куәсі болды. Оқиғалар Facebook әлеуметтік желісінде жарияланып, одан да кең аудиторияға жетті», деп мәлімдеді. Прокурор күдіктілердің заңға қайшы әрекеті дәлелденсе, оларға айыппұл салынатынын жеткізді.

 Осы орайда 2023 жылдың желтоқсан айының 7-і күні Данияда қасиетті Құранды және өзге де киелі кітаптарды өртеуге тыйым салу қарастырылған заң жобасының қабылданғанын айта кетпекпіз. Аталған заң талаптарын елемегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немемесе ірі мөлшерде айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құран #қорлағандар #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);