AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / "Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті...

"Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті пән болады

Білім және ғылым 18.08.2026, 16:15 392
"Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті пән болады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа міндетті пәндер туралы айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірнеше жаңа міндетті оқу курсымен толықтырылатынын еске салды.

"5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті оқу курсы оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушыларына арналған "Жеке қауіпсіздік" міндетті оқу курсы енгізіледі", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған "Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті болады. Сондай-ақ пәннің мазмұны жаңа Конституцияның қағидаттарына сәйкестендірілген.

"Үлгілік оқу жоспарларының құрылымы оңтайландырылды. Оқушылардың барлық пәнді толық меңгеруін қамтамасыз ету үшін қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары алынып тасталды. Бастауыш сыныптарда бағалау тәсілдері жаңартылды. Атап айтқанда, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жойылды. Күнделікті немесе формативті бағалаудың рөлі күшейтілді. Диктант, мазмұндама, шығарма, жоба, ауызша және практикалық жұмыс сияқты бағалау әдістерін мұғалім өзі таңдап, аралық бағалау түрінде өткізеді", – деп толықтырды министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);