AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құмар ойыны арқылы тапқан ақша харам болып санала...

Құмар ойыны арқылы тапқан ақша харам болып саналады

Әлеумет 11.11.2023, 15:52 2,054
Құмар ойыны арқылы тапқан ақша  харам болып саналады
almaty-akshamy.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі лудоманияға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады («Әл-маусуату әл-фиқһия»: 39/407).



Құмар ойынға тәуелділік, яғни лудомания, гемблинг, игроманияның жеке тұлғаға және қоғамға тигізер зардабы ауыр. Олар:

1. Құмар ойынға тәуелділік отбасының шырқын бұзып, елдің берекетін кетіреді, қоғамды құлдыратады;


2. Адамның уақытын, мал-дүниесін зая кетіріп, қарызға батырады;


3. Экономикаға кері әсерін береді, адамның өмірін тек иллюзиямен шектейді;


4. Бойын жалқаулыққа, масылдыққа, жауапсыздыққа үйретіп, ақша үшін арын, намысын сататын төмен дәрежеге түсіреді;


5. Жеке тұлғаның жүйкесін тоздырып, тіпті өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін алып барады;


6. Құмар ойыннан ұтылған адамның өзінің серіктеріне деген көреалмаушылығы, кекшілдігі артады. Осылайша араларында дұшпандық пайда болып, бірін-бірі өлтіруге дейін барады. Құмар ойыны арқылы тапқан ақша біреудің ақысын жеу болып саналады және адал болмайды.


Егер ойынға құмар араласпағанның өзінде оған әуестігі құлшылығына кедергі болса, уақытын зая кетірсе, психикасы мен болмысына зиян келтірсе, өмірлік қажеттіліктеріне тосқауыл болса, сондай-ақ балағат сөздер айтып, ұрыс-төбелеске алып барса, мұндай ойынға шариғатымызда тыйым салынады.


ҮКІМ:

1. Лудомания (гемблинг, игромания) – харам.
2. Құлшылыққа, отбасылық және басқа да қоғамдық міндеттеріне кедергі келтіретін ойын құмарлыққа тыйым салынады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам #ойын #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);