Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Құлыбаев кеткеннен кейін ірі көмір компаниясының б...

Құлыбаев кеткеннен кейін ірі көмір компаниясының басшылығы толығымен ауыстырылды

Әлеумет 23.09.2024, 18:45 1,052
Құлыбаев кеткеннен кейін ірі көмір компаниясының басшылығы толығымен ауыстырылды
Сурет: ашық дереккөз

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір кен орнын игерумен айналысатын «Шұбаркөл Премиум» АҚ директорлар кеңесінің құрамы толықтай өзгерді. Бұл өзгеріс Тимур Құлыбаевтың компания құрылтайшыларынан шығуынан кейін болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

KASE сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның бұрынғы төрайымы Луиза Ақанова және тағы төрт басқарушы кеңесті тастап кеткен. Олардың орнына компанияны басқаруға жаңа директорлар тағайындалды. Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы Бауыржан Райымбеков, ал тәуелсіз директорлар ретінде Нұрлан Мәжен (ол бұрын Шығыс Қазақстан облысындағы Согринск ЖЭО-ның директоры болған), Дінмұхамед Мусралиев, Әблімит Рахматуллаев және Анет Шыныбаев қызметке кірісті.

Бір апта бұрын «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның иелері де ауысқаны белгілі болды. Тимур Құлыбаев өзіне тиесілі 67% үлесін екі белгілі бизнесмен – Кенес Рақышев пен Шухрат Ибрагимовқа сатқан болатын.

2024 жылдың 1 шілдесіне дейін «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның таза шығыны 6,3 миллиард теңгені құраған. Компанияның жалпы активтері 72,3 миллиард теңге деп есептелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шұбаркөл #басшылық #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.