ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Құлсарыдағы 7 жасар қыздың өлімі: күдікті ұсталды

Құлсарыдағы 7 жасар қыздың өлімі: күдікті ұсталды

Оқиға 06.06.2025, 19:54 875
Құлсарыдағы 7 жасар қыздың өлімі: күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Атырау облысы Құлсарыда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атырау облысы Құлсарыда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

5 маусымда шамамен сағат 12:00-де Құлсарыда 2018 жылы туған қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның ата-анасы бірден полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусымда түнгі сағат 02:19 шамасында баланың денесі Құрсай өзегінен табылды.

Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсарының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.